Мәскеуге дрондар шабуылынан кейін Путин мәлімдеме жасады (видео)
МӘСКЕУ. 30 мамыр. Бүгін Мәскеуге ұшқышсыз ұшақтар тобы шабуыл жасағаны байланысты сасқалақтаған Владимир Путин мәлімдеме жасады. Бұл туралы ресейлік ресурстар дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
Кремльге бағынышты БАҚ-тары РФ президенті Владимир Путиннің бүгінгі болған оқиғаға орай мәлімдеме жасағанын жарыса жазысты. Олардың атап өтулерінше, дрондардың Мәскеу мен Мәскеу облысына бұрын-соңды болмаған көлемдегі тасқынды шабуылдары Путиннің үнсіз қалуына мүмкіндік бермеген. Сөйтіп, оны Ресей бұқаралық ақпарат құралдары алдында сөйлеуге мәжбүр еткен.
Кремльдің қожайыны әдеттегіше аса бір дабыл қағарлық ештеңе болмағандай емі-еркін кейіптегі түр көрсетпекші болып еді, бірақ онысы оншалықты сәтті бола қоймады, диктатордың қатты сасқалақтап, әбігерленіп тұрғаны анық байқалып тұрды. Оның осы жолы берген сұхбатының You tube желісінде жарияланған видеосында көрініп тұр.
Путин өз сөзінде Мәскеудегі әуе шабуылынан қорғаныс күштерінің жұмысын «қанағаттанарлық» деп бағалады. Ол өзінің сөзінде ресейліктер назарын Украинаның Киевтегі әскери барлау штабы үйі жақсы соққыға алынғанына аударғысы келе берді.
Ресей диктаторы ұшқышсыз ұшақтар шабуылының «Ресей тұрғындарын қорқытып, үрейлендіре беру үшін жасалғанына» сенімді, ал РФ-ның ПВО-сы «штаттық негізде жұмыс істеп тұрған көрінеді, тек олардың жұмысында жетілдіре түсетін шептер бар».
Осыны айтқан тиран украиндарды Мәскеуге жасаған шабуылдары үшін қарымта соққы берілетінімен қорқытып қоюды ұмытқан жоқ.
Дәл сол уақытта әлеуметтік желі пайдаланушылар былтыр Украинаға жасап отырған шабуылы қысқа мерзімді екеніне сенімді болып, жалын күжірейтіп, даусын зорайтып тұрған Путиннің Мәске мен Киев арасын жалғаған кең ауқымды соғысқа тап болғаннан кейін айбыны қашып, дегбірі кетіп қалғанын көріп отырғандары жайлы коммент жазып жатты.