ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Бүгін Мәскеуде 150-ден астам тәжік мигранты қамауға алынды

ДУШАНБЕ. 30 мамыр. Мәскеуде тағы да тәжік мигранттары қамалды. Осы жолы олардың саны 150-ден асып кетеді. Бұл туралы тәжіктің Asia-Plus агенттігіне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Порталдың жазуынша, 30 мамыр күні таңертең Мәскеуде метроның «Митино» станциясы жанында тәжікстандық 150 адам ұсталған.

«Озоди» радиосының мәліметінше, тәжік мигранттары өздерінің шырт ұйықтап жатқан жерлерінде түн ортасы ауа шұғыл оятылып, төрт автобуспен Митино аудандық ішкі істер бөліміне әкелінгендерін айтып берген.

Мигранттардың айтуларынша, олар метро жанындағы құрылыста жұмыс істепті, сонда тұрмыстық мақсаттағы вагондарда тұрыпты.

Әзірге Ресей тарапы инцидент жөнінде бір ауыз да түсіндірме берген жоқ. Тәжік жағы да.

Соңғы кездері Мәскеуде Тәжікстан азаматтарының жаппай ұсталып жатқаны жайлы жаңалық күнде естіледі.

Бұдан бір күн бұрын, 29 мамырда, әлеуметтік желіде тәжік мигранттарының Мәскеудің Можайскісіндегі мектеп стадионынан шығарылып жатқаны түсірілген видео тарады. Оларға тұру ережелерін бұзды, ұсақ қылмыстар жасады және полиция қызметкерінің бұйрығына бағынбада деген айыптар тағылыпты.

Мұның алдында да тәжіктерді топтап әкету бірнеше рет орын алған. Айталық, 26 мамырда желіде құқық қорғау органдарының Мәскеу облысындағы мешіттің есігін жұма намаздан кейін жауып тастап, тәжіктерді тексеріп жатқандары түсірілген видео пайда болды.

Ал мамырдың 23-нен 24-не қараған түні Мәскеудің Котельников ауданының полициясы 100-ге жуық тәжік мигрантын ұстаған. Дәл осындай оқиға 18 мамырда да орын алған.

Алайда Ресей тарапы осы уақытқа дейін бірде-бір рет тәжіктерге неге бұлай көлденең қысым жасалып жатқаны жөнінде түсіндірме бермеген.

24 мамырда Ресейдің Тәжікстандағы елшісі Семен Григорьев елдің сыртқы істер министрілігіне шақырылды. Кездесуле тәжік тарапы Ресейді тәжік азаматтарының алуан түрлі ойдан шығарылған желеумен ұжым болып қамалып жатқандарына алаңдаушылық біілдірген.

«Мұндай шаралар Тәжікстан мен Ресей арасындағы стратегиялық әріптестік пен одақтық қарым-қатынас рухына сәйкес келмейді және білім саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту әрекетіне залал келтіреді», – деді тәжік жағы.

26 мамыр күні таңертең Тәжікстан сыртқы істер министрлігі министр Рамазон Рахимзоданың Ресей ішкі істер министрі Владимир Колокольцевке рейдтерге балйланысты хат жолдағаны хабарланды.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button