«Оның өмірі бітуге жақын», – Буданов Путиннің есірткіге тәуелділігі жайлы
КИЕВ. 17 мамыр. Украина Қорғаныс министрлігі бас барлау басқармасының басшысы Кирилл Буданов есірткіге тәуелді болып отырған Путиннің көп өмірі қалмағанын айтты. Бұл туралы «Диалог. Ua» ақпарына құлақ түрген rast.kz хабарлайды.
Бас барлау басқармасының бастығы Ресей диктаторы есірткі заттарын шамадан тыс көп қолданатындықтан, қатты зардап шегіп жүргенін баяндады. Ол блогер Сергей Ивановқа берген сұхбатында осылай дей келіп, тиранның тажалы жететін шекке онша көп мерзім қалмағанын сөз етті.
«Мен бұл адамның жер бетінде жүре беретін көп уақыты қалған жоқ деп ойлаймын», – деді ол сосын.
Буданов сондай-ақ Путиннің өлімінен кейін Ресейдің өз ішінде шиеленіс басталып кететінін мәлімдеді. Сол кезде билік үшін күресте «Вагнер» жеке әскери компаниясының егесі Евгений Пригожин жеңіске жетуі әбден мүмкін.
Буданов блогердің «Путинді өзінің айналасындағы адамдар дың өлтіріп тастауы мүмкін бе?» деген сұрағына оның солай болуы ықтимал екенін айтып жауап берді. «Мәселен, Ресей императоры Павел Біріншіні өзінің жанындағы адамдары алтын мүштікпен өлгенше ұрды ғой» деді ол.
«Диалог. Ua» бұдан бұрын Ресейде енді диктатор Владимир Путиннен де нашар билеушінің бола қоймайтынын, бұл жағынан оның алдына ешкім түсе алмайтынын америкалық генерал Бен Ходжестің айтқанын жазған еді.