Футбол: Беларусьтің өткен жылғы чемпионы қатаң жазаға тартылды
МИНСК. 11 мамыр. Беларусьтің өткен маусымдағы чемпионы – Солигорскінің «Шахтёр» командасынан келісімді матчтарға қатысқаны үшін атағы алынып тасталды. Бұл туралы БелТА агенттігінің деректеріне сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Беларусьтің 2023 жылғы чемпионатында орын алған келісімді матчтар ұйымдастыруға қатыстары бар футбол клубтары турнирдегі ұпайларынан айырылу мен айыпұл төлеу жазаларына тартылды», – делінген хабарламада.
«Сол сияқты осы «келісімпаздыққа» қатыстары бар функционерлер тиісті жазаларын алды», – деп мәлімдеді Беларусь футбол федерациясының өкілі.
Бақылау-тәртіп және әдептілік нормалары жөніндегі комитеттің шешімі бойынша, Солигорскінің «Шахтёр» футбол клубына 10 мың базалық өлшемде айыппұл салынып, Беларусьтің 2023 жылғы чемпионатындағы 30 турнирлік ұпайынан және 2024 жылғы чемпионатындағы 20 турнирлік ұпайынан айырылды. Минскілік «Энергетик-БГУ» 2 мың базалық айыппұлына тартылып, биылғы чемпионаттан – 20 ұпайынан, келесі жылғы чемпионаттан 10 ұпайын айырылып отыр. Ал Бобруйскінің «Белшинасы» 2 мың базалық мөлшерде айырқа тартылып, келесі жылғы біріншілікте 5 ұпайынан алдын ала қағылды.
Бұдан бөлек, «Шахтёр» мен «Энергетик-БГУ» Еуропа Кубоктары жарыстарына қатысудан шеттетілді.
Бұдан бөлек, «Шахтёрдің» спорттық директоры Владимир Нидергаус пен «Белшинаның» бұрынғы ойыншысы Дмитрий Гомзаға белорус футболында нон-грате жарияланды, яғни мұнда болуға тыйым салынды. Ал «Энергетик-БГУ» командасының жаттықтырушылар штабына кіретін Анатолий Юревич бес жылға дисквалификация алды. Сондай-ақ Бресттің «Динамосының» шабуылшысы Михаил Гордейчук пен «Шахтёрдің» жартылай қорғаушысы Никита Корзун бір-бір жылдан футболдан аластатылды.
Осы шешімдерден кейін Солигорскінің «Шахтёрі» ең соңғы 15-орынға түсіп қалды, «Энергетик-БГУ» 14-орыннан бір-ақ шықты, Бобруйскінің «Белшинасы» 13-орынға тұрақтады. .