Украина қарымы 290 шақырымға жететін қанатты ракета алды
КИЕВ. 11 мамыр. Ұлыбритания Украинаға 290 шақырымға дейін жете беретін Storm Shadow қанатты ракетасын жеткізіп берді. Бұл туралы CNN телеарнасы дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.
«Ұлыбритания Украина Қарулы күштеріне қарсы шабуыл қарсаңында алысқа соққы бере алатын жаңа Storm Shadow қанатты ракетасы сериясын жеткізіп, оның әлеуетін күшейте түсті», – делінген Американың CNN телеарнасының жаңалықтар бағдарламасында.
Storm Shadow 290 шақырымнан 560 шақырымға дейінгі қашықтықты қамтитын, әуемен ұшып жететін қанатты ракета болып табылады. Ракетаны Ұлыбритания мен Франция инженерлері бірлесіп жасап шығарған.
Енді Украинаның бақылауындағы территориялардың аумағы Севастополь мен Қырым көпіріне дейінгі нысаналарды қамтиды.
Бұл қанатты ракета бірлігінің құны 850 000 € (1,18 млн $) тұрады.
Жалпы, аталмыш зымыран 560 шақырымға емін-еркін жете алады. Алайда Украинаға берілген оның SCALP EG маркалы экспорттық вариантының қашықтығы 290 шақырымға дейін төмендетілген.
Украина Ұлыбританияға бұл қаруды тек өзінің егемен территориясында ғана қолдануға уәде беріп отыр.