Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ресейдің Коми республикасында ФСБ ғимаратына от қойылды

СЫКТЫКВАР. 12 мамыр. Ресейдің Коми республикасының Усинск қаласында орналасқан федералды қауіпсіздік комитетінің офисіне белгісіз біреулер от тастады. Бұл туралы The Moscow News дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

«Белгісіз біреулер Коми республикасындағы федералды қауіпсіздік қызметінің Усинск басқармасының ғимаратына от қойған», – деп жазады Baza.

Телеграм-каналдың атап өтуінше, оқиға 11 мамыр күні түнде орын алған.

Түнгі сағат 03:00-де әлі анықталмаған тұлғалар ғимараттың терезесінен «Молотов коктейлін» лақтырып кеткен. Шиша терезенің қасиекісіне тиіп, бірден от тұтанған. Өрттің жалпы ауданы 1,5 шаршы метрді жайлаған. Мұны жасаушылар бірден оқиға орнынан қаша жөнелген.

Тергеушілер бұл оқыс оқиғаны «террорлық акт» бабы бойынша бағалаған.

Мұндай оқиға Усинскіде биылғы 12 сәуірде де болған еді. Ол жолы әскери комиссариат ғимаратына клинингілік компанияның 60 жастағы қызметшісі от қоймақшы болған. Әйел қоймалжың сұйық құйылған екі бөтелкенің бірінен кейін бірін лақтырған. Алайда, олар тұтанбай қалған. Артынша нысанды күзетуші ішкі істер қызметкері кеңсе үйін жинаушы болып істейтін әйелді ұстап алған.

Ресей Украинаға басқыншылық соғыспен басып кіргелі бері мұндай оқиға РФ-ның әр аймағында әредік кездесіп қалып жүр. «Медиазона» биылғы 1 сәуірге дейін тиісті кеңсе үйлеріне от қою әрекетін жасаудың 94 оқиғасы тіркелгенін жазады. Соның 70-інде әскери комиссариаттар мен шақыру бекеттері шабуылға ұшыраған.

.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button