Ингуш жасақтары тәуелсіздік жолындағы соғысты бастап кетті
НАЗРАНЬ. 6 сәуір. Ресейдің Ингушетия республикасында тәуелсіздікті аңсаған ингуш жасағының мүшелері мен ресейлік күштік құрылымдар арасында атыс болды. Бұл туралы РФ ақпарат құралдары дерегіне сүйенген rast.kz хабарлады.
«Ингушетияда кезекті мәрте жасақ мүшелері мен ресейлік күштік құрылымдар арасында қарулы қақтығыс орын алды», – делінген хабарламада.
Ресей пабликтері қанды оқиғаның Малгобек ауданында болғанын баяндады. Онда халық жасағаның жауынгерлері күштік құрылым сарбаздарын жауға оқтың астына алған. Атыс кезінде ингуштар үш полицейді «Кобзонның артынан жіберген». Бұған қоса, ингуштар тағы 7 тәртіп сақшыны ауыр жарақаттаған. Олар енді өмірлерінің соңына дейін мүгедек болып қалулары мүмкін. Сонымен бірге шабуыл жасаушылардан да үш адам оққа ұшқан.
«Көтерілісті» басу үшін Кремль ұрысқа әскери қызметкерлер ғана емес, сонымен бірге авиация мен бронды техникаларды да жіберді.
Айта кетейік, мұндай оқиға гъалгъайлар бастауымен бірінші рет 27 наурызда болды.
Кеше күштік құрылымдр Зязиков-Юре селосындағы бір үйде жатқан жасақ мүшелерін қоршауға алып еді, олар бәрібір ол жерден сытылып шығып кетті.
Ұңғыштар мен ресейліктер арасындағы ұрыс қимылдары жалғасып жатыр.