Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Путиннің «досы», АҚШ-тың экс-президенті Трамп қамауға алынды​

НЬЮ-ЙОРК. 5 сәуір. АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп кеше ресми түрде тұтқындалды, айыптау енді таңылады. Бұл туралы CNN телеарнасының хабарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

АҚШ-тың 45-ші президенті Дональд Трампты көпшілік РФ-ның соғысқұмар, импершіл пиғылдағы диктаторы Владимир Путиннің «досы» деп санайды. Бірақ олардың соншалықты дос болып кеткені шамалы. Дегенмен, Ақ үйдің бұрынғы қожайынының кезінде Кремльдің узурпаторымен жақсы қарым-қатынаста болуға тырысқаны рас. Ол қызметінен кеткеннен кейін де ресейлік самодержавецпен арасының қалыпты екенін көрсетуге күш салып бақты.

Енді көп ұзамай Трампқа айыптау қорытындысы тапсырылатын болады.

«Трамп қазір өзінің айыптау қорытындысын күтіп, Манхэттен округтік прокурорының қамауында отыр. Ол Америка тарихындағы қылмыстық жауапқа тартылған бірінші президент болғалы тұр. Әйткенмен, оған тағылатын айыптар әлі күнге дейін толық белгісі емес», – деп баяндады журналистер.

Жақын күндерде Трамп сотқа жеткізіліп, өзіне қойылатын айыптармен танысады деп күтілуде. Хабарланғандай, Дональд мырза мұндай қолайсыз жағдайға 2006 жылы порноактриса Сторми Дэниэлске интимдік қызметі үшін ақша төлегені паш етілгеннен кейін ұшырады.

Тергеудің болжамы бойынша, арада 10 жыл өткеннен кейін, президенттік сайлау науқаны кезінде бұл әйел екеуінің арасында болған нәрсені жария етпеуі үшін миллиардерден $130 мыңды «ауызбастырыққа» алған.

Алайда, алдын ала мәлім болған мәліметке қарағанда, бұл ақша Трамптың сайлау алды науқаны үшін бюджеттен бөлінген қаржыдан берілген.

Экс-президент мұны саяси тапсырыс деп отыр. Ол елдің қазіргі президенті Джозеф Байденнің мұны алдағы президент сайлауына қатыстырмау үшін жасап жатқанына сенімді.

Мәлім болғандай, Трампқа сот алдында 30 тармақтан тұратын айыптар тағылмақшы. Олардың бәрінің жазалары мерзімі тұтас алғанда 135 жылға дейін барады.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button