ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Ингуштар Ресейден тәуелсіздік алу үшін күресетін армия құрып жатыр

НАЗРАНЬ. 21 сәуір. Ингушетия республикасының тәуелсіздік комитеті Ресей құрамынан шығу жолында шайқасатын азаттық армиясы құрылатынын жария етті. Бұл туралы шетел сайттары деректеріне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Осының алдында Ингушетия тәуелсіздік комитеті (ИТК) әлеуметтік желіде Ресейдің болуы ықтимал ыдырауы жағдайына қазірден бастап дайындалуға шақырған жазба жариялаған болатын. «Мұның өзі Кремльдің, «Вагнер» ЖӘК-ның, қарақшылық құрылымдардың және Путин құрған басқа да қылмыстық топтардың өз ішінде ұдайы болып жататын қарама-қайшылықтар мен жанжалдар салдарынан міндетті түрде орын алады», – деп атап өтті сонда комитет мүшелері.

Хабарламада ингуштардың өздерін өздері қорғауға және өз статустарын өздері таңдап алуға толық құқығы бар екені, бұған Алла берген ерік-жігерлері мүмкіндік жасайтыны айтылған.

Кеше ИТК оккупанттардан құтылу үшін Ингушетия азат ету армиясын құруға шешім қабылдады. Шешім бүкіл Ресейдің ыдырауға қараған шағына қарай шығарылып отыр. Бұған қоса, ингуштарға өз армиясы елдің территориялық тұтастығын қорғау үшін керек екені атып көрсетілді.

Ингушетия тәуелсіздік комитеті сонымен бірге Мәскеудің жаңа билігіне ингуш халқын кезекті мәрте әлдеқандай бір арандатушылыққа ұрындыру әрекетін жасамауды ескертеді.

«Ингушетия халқы өздерін өздері қорғай алатын болуы тиіс, ал өз армиясы сол үшін қажет. ИТК өкілдері Алланың жәрдемінен үміт күтеді, әсіресе, қасиетті Рамазан айында қолға алынған бұл тірліктен оң нәтиже шығарына сенгісі келеді», – делінген хабарламада.

Айта кеткен ләзім, Ингушетияда сәуір айының басында РФ күштік құрылымдары арнайы операция жүргізіп, Малгобек ауданындағы полицейлер бөліміне шабуыл жасаған Азат ету майданының сарбаздарын тұтқынға алған болатын.

Еске сала кетейік, Кремль 1996 жылғы 21 сәуірде екі бомбылаушы ұшақтың көмегімен Грозныйға жақын жерде Ичкерияның халықтық президенті Жохар Дудаевты өлтіріп еді.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button