Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Қытайдың акциялары Щидің Путинмен кездесуінен соң түсіп кетті

ГОНКОНГ. 21 наурыз. ҚХР төрағасы Щи Дзиңпиңнің Ресей диктаторы Владимир Путинмен қол алысуы салдарынан Қытай компанияларының акциялары бірден құлдырады. Бұл туралы шетелдік ресурстар материалдарына шолу жасаған rast.kz хабарлайды.

Бұған Қытай басшысы Щи Дзиңпиңнің 20 наурыз күні Мәскеуге іссапармен келуі негіз салып берді. Содан кейін екі ел лидерлерінің бір-бірімен емен-жарқын әңгімелесіп, соңынан журналистер алдында қол қысысулары жағдайды одан бетер ушықтырып жіберді. Мұны Hang Seng, сондай-ақ Hang Seng TECH индекстері (Гонконг қор биржасының биржалық индекстері) айғақтап отыр.

Құлдырау іс жүзінде экономиканың барлық салаларын қамтыды.

Әсіресе, алкогольді сусындар сатумен, туризммен, фармацевтикамен, авиа ұшулармен және телекоммуникациямен айналысатын компаниялардың акциялары қатты құлады. Олар тиісінше 4,77%; 3,59%; 3,71%; 2,93% және 2,91% құрады.

«Мұнай-газ өнімдері мен банктерге келсек, олардағы құлдырау тиісінше 1,93% және 1,68% болып отыр», – делінген «zn.ua» хабарламасында.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button