Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Жау басып алған Севастополь қаласында екі рет жарылыс болды

СЕВАСТОПОЛЬ. 22 наурыз. Бүгін РФ оккупациялаған Қырымдағы Севастополь қаласының орталығында екі рет жарылыс орын алды. Бұл туралы шетел ресурстарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.

Севастополь қаласының тұрғындары 22 наурыз күні таңғы 04:00 шамасында бірнеше жарылыстар сериясынан оянған.

Жергілікті пабликтер жеті ретке дейін жарылыс даусы естілгенін, сондай-ақ автоматтан оқ атылғанын жазады. Жарылыс қаланың орталығында да, шығанақ тұрған ауданда да орын алған сияқты. Тағы бір куәлар «бавовна» Солтүстік және Оңтүстік жол айрықтардан шыққанын айтып жатыр.

Оккупацияланған қала тұрғындарының бәрі ПВО жүйесінің жақсы жұмыс істеп тұр, аса мазасызданатын ештеңе жоқ деген пікірде екен.

Соңынан оккупациялық билік Севастопольге теңіз жақтан үш дронның шабуыл жасағанын, олардың бәрін әуе қорғанысы күштері жойып жібергенін жариялады.

Севастопольдің «губернаторы» Михаил Развожаевтың айтуынша, үш нысан да тез атып түсірілген, кемелер ешқандай зардап шекпеген.

Бұған дейін 18 наурыз күні де Севастопольде «бавовна» орын алған еді.

Еске сала кетейік, 20 наурыз күні түбектің теріскей бетіндегі Джанкой қаласындағы төрт нысанға ұшқышсыз ұшақтар шабуыл жасады, олардың үшеуі темір жол станциясындағы ғимараттар болатын.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button