Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ташкентте күшті жер сілкінісі тіркелді, оның түпкі қуаты – 6,6 балл

ТАШКЕНТ. 21 наурыз. Бүгін, сейсенбі күні кешке Өзбекстан байтағы – Ташкент қаласы мен республиканың басқа да өңірлерінде күшті жер сілкінісінің орын алғаны байқалды. Бұл туралы өзбек ресурстары дерегіне сүйенген rast.kz хабарлайды.

Зілзаланың нүктесі көлбеу сипатта көрініс берді және барынша ұзақ тербеліп тұрды. Оның эпицентрі Ауғанстан жерінде болған. Ондағы тербеліс (магнитуда) 6,6 балл өлшемін құрады.

«Ташкентте сейсенбіде сағат 21:48-де күшті жер сілкінісі білінді. Сағат 21:49-да дүмпу қайталанып соқты, ол көлбеу сипатта болды және айтарлықтай ұзаққа созылды», – делінген хабарламада.

«Газеты.uz» тілшілері бірқатар тұрғын үйлерден тұрғындардың, сауда орталықтарынан келушілердің көшеге жүгіріп шыққандарын баяндады.

Өзбекстан Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты республикалық сейсмоболжам мониторингі орталығының мәліметінше, жер сілікінісінің эпицентрі Ауғанстанда орналасқан. Оның тербелісі 6,6 балды құраған, терендігі 220 шақырым жер астында болған.

Жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан астанасына дейінгі 561 шақырым жерде, оңтүстік-шығыс бағытта тұрған. Ол Ташкентке 5 балдық күшпен жеткен. Мұндай күшті дүмпу Өзбекстанда көп жылдардан бері болған емес.

Дүмпу республиканың барлық облыстаоына айтарлықтай қуатты күшпен білінген. Олардың бәрі 4-5 балл шамасында әсер еткен.

Тап осындай күшті сілкіністер Қазақстанның Түркістан және Жамбыл облыстарында да байқалған, ал Алматы және Қызылорда облыстары аумағында күші едәуір аз болған.

 

Ескерту!  

rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button