Сирия президенті Путинмен келіссөз жүргізу үшін Мәскеуге келді
МӘСКЕУ. 15 наурыз. Сирия президенті Башар Асад Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізу үшін бүгін Мәскеуге ұшып келді. Бұл туралы шетел ақпарат құралдарына сілтеме жасаған rast.kz хабарлайды.
«Сирия лидерінің ресми сапармен Кремльді қалаға келгенін оның офисі Instagram әлеуметтік желісінде жазды», – деп атап өтті Әзербайжанның oxu.az порталы.
Ресейлік РБК ресурсының хабарлағанындай, Башар Асад Мәскеудегі ресми сапары барысында Владимир Путинмен кездесіп, келіссөз жүргізудің жоспарластырып келген.
«Мемлекеттер басшыларының келісссөз жүргізулері 15 наурызға белгіленген», – деп хабарлады Кремль сайты.
Екі диктатор «Ресей – Сирия ынтымақтастығын одан әрі дамытудың өзекті мәселелерін» талқылайтын көрінеді. Соның ішінде экономикалық, саяси және гуманитарлық салалар төңірегінде түрлі жоспар құрылады. Бұлардың арасында Путин мен Асад Сирия мен оның айналасындағы ахуалды кешенді түрде ретке келтірудің перспективаларын қозғайтынға ұқсайды.
Әлбетте, олардың назарынан Украинадағы соғыс та тыс қала қоймайтын шығар. Бұл жолы Асад Путиннен емес, керісінше Путин Асадтан көмек сұрайтын сияқты. Мәміле қару-жарақ пен снарядтардан бөлек, жат жерде соғысу үшін жалдамалы содырларды жіберу жайын қамтуы да әбден ықтимал.
Сирия президентінің Мәскеуге мұның алдындағы сапары Украинадағы соғыстан бес ай бұрын, 2021 жылғы қыркүйек айында жасалып еді. Бірақ сол жолы Кремль ол сапар жайында ешқандай хабар таратқан жоқ.
Ескерту!
rast.kz сайтының кез келген материалын редакцияның арнайы рұқсатынсыз көшіріп алып жариялауға тыйым салынады. Плагиат жасаушы «Авторлық құқық туралы» Заңға сәйкес қудаланады.