АҚШ Қытайдың Ресейге қару-жарақ беріп отырғанын анықтады
ВАШИНГТОН. 20 ақпан. АҚШ билігі Қытайды Ресейге астыртын қару-жарақтар мен оқ-дәрілер беріп отыр деген күдік келтірді. Бұл туралы CNN хабарлады.
«АҚШ-та Қытайдың жасырын түрде Ресейге Украинадағы соғыста қолдануы үшін қару-жарақтар мен оқ-дәрілер беріп келеді деген ақпар бар. Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен Қытай сыртқы істер министрі Ван И жолдаспен кездесуі кезінде осы мәселені арнайы көтерді», – делінген хабарламада.
«Біздің алаңдаушылығымыз олар ұшушы аппараттар жеткізіп беруді ойластырып жатыр деген ақпарға негізделген. Сондықтан біз оларға мұның біздің қарым-қатынастарымызға елеулі залал келтіруі мүмкін екенін ескерттік», – деп әңгімеледі Блинкен кездесуден кейін журналистерге.
Бұған дейін, қаңтар айында Джо Байденнің әкімшілігі Қытай компанияларының Ресейге Украинада пайдалануы үшін бронды желеттер, каскалар және ұшпайтын басқа да мүкәмалдар сатқандарына алаңдаушылық білдірген болатын. Вашингтон бұдан кейін Қытай билігінің бұл мәселеден қаншалықты хабардар екенін бірнеше рет анықтап көрді.
Рас, Қытай бұған шекті Украина жерінде қолдану үшін Ресей сұраған елеулі әскери көмектерді беруден бас тартты. Бейжің өзін әлемдік аренадағы оқшауланып қалатын жексұрын ел болудан сақтандырды, деп есептейді америкалық шенеуніктер. Алайда қазір Бейжіңнің бұл мәселені қайта қарауға ниетті екенін білдіретін белгілері байқалады. Ақ үйдің өкілдері Батыстың Ресейге көрсетілуге тыйым салынған әскери көмек жөніндегі санкцияларының бұзылуы деректерін мұқият қадағалап отыр.
Вашингтон Бейжіңнің Мәскеумен соғыстың бас жағындағы қарым-қатынасының одан бетер тереңдеп келе жатқанына алаңдаулы, деп мәлімдеді АҚШ вице-президенті Камала Харрис. «Қытайдың Ресейге «ұшу» жағынан көрсететін кез келген көмегі басқыншы елдің өзгенің жеріндегі елді мекендерді қиратып, бейбіт адамдарды аяусыз өлтіруін жалғастыратын агрессиясын тек ынталандыра түседі және белгілі бір адами ережелерге негізделген тәртіпті бұрынғыдан бетер бұздыра береді», – деп атап өтті ол.
Қытай мұнымен бірге жұртшылықтың көз алдында бейбітшілікті жақтаушы мемлекет болып көрінгісі келеді, деп есептейлі америкалық шенеуніктер. Мюнхен қауіпсіздік конференциясы шеңберінде Ван И Бейжіңнің Украина мен Ресей үшін «бейбітшілік жоспарын» ұсынғалы отырғанын, сондай-ақ Еуропаның ұстанып отырған бағытын қолдайтынын баяндады.
«Мен Қытайдың Ресейді қолдап отырғанына көз жеткізу үшін бізге соншалықты бір көп айғақтың, соншалықты бір көп іс-әрекеттердің керегі жоқ деп ойлаймын», – деген тұжырым жасады конференцияда Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Ляйен.
Әдбетте, Қытайды бұл мәселеде қатты сақтандырып отырған Батыс елдерінің, әсіресе, АҚШ-тың өзіне салуы ықтимал технологиялық санкциялары болып отыр. Егер жағдай шынымен ушығып, Жөңгенің Орысияға соғыс жәрдемін беріп келе жатқаны толық рас болып шықса, аталған санкциялардың бірден салына бастайтыны күдік тудырмайды. Ондай бола қалса, негізінен АҚШ-тан технологиялық жабдық-жарақтар алып, өндірісін өркендетіп отырған Қытай компанияларының күні біртіндеп қараң бола бастайды. Миллиардтаған адамды асырап отырған Қытай үшін бұдан өткен алапат апат болмайды.