АҚШ Молдованы Ресейдің арандатуынан шешімді түрде қорғайды
МЮНХЕН. 18 ақпан. Кеше АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинтон Молдованы Ресейдің арандатушылықтарын шешімді түрде қолдайтынын айтты. Бұл туралы CNN хабарлады.
Ақ үйдің өкілі Кремльдің соңғы кездері «Ресейдің күш салуымен Молдова үкіметіндегі ахуалдың тыншымай тұрғанына қатты алаңдаушылық білдіретінін» мәлімдеді. АҚШ мемлекеттік хатшысы мұны Мюнхенде өткен қауіпсіздік жөніндегі конференцияның кулуарында Молдова президенті Майя Сандумен кездескен кезінде сөз етті.
«Ресейдің Молдова үкіметіндегі ахуалдың бұзылуы мақсатында жасап жүрген бірқатар астыртын жұмыстарын сырттан бақылап отырған біз бұған қатты алаңдаймыз», – деді Блинкен.
«Біз Молдованың қауіпсіздігі, тәуелсіздігі, территориялық тұтастығы мәселелеріне және президент пен үкіметтің күш жұмсауымен жүзеге асып жатқан өте маңызды реформаларға шешімді түрде қолдау көрсетеміз», – дегенді қосты ол бұған.
Санду 2022 жылдың «Молдова үшін адам айтса сенгісіз күрделі болғанына» назар аудара келіп, кездескен көптеген қиындықтар барысында, соның ішінде энергетика, экономика және қауіпсіздік салаларында орын алған ауыртпалықтарды жеңу жолында көрсеткен көмегі үшін АҚШ-қа алғыс сезімін білдірді.
Еске сала кетейік, Санду 13 ақпан күні Ресейдің іштегі оппозициялық және сепаратистік күштердің наразылықтарын, сондай-ақ осында арнайы келген Ресей, Беларусь, Сербия және Черногория азаматтарының арандатушылықтарын пайдаланып, жұртты әскери төңкеріс дайындай отырып, үкімет үйіне шабуыл жасап, Молдовадағы билікті ауыстырмақ болғанын мәлімдеген болатын.
Осыдан кейін Белград Молдовадан Сербия диверсанттарын іске қоспақ болған «Кремль жоспарымен» таныстыруды талап етті.
Мұның артынша Молдоваға серб жанкүйерлері, содан соң черногорлық боксшылар кіргізілмеді.
Майя Санду сол екі арада елдің Үкімет басшысын ауыстырып жіберді.
Мәскеудің Молдовада әскери төңкеріс жасамақ болғаны Украина президенті Володимир Зеленьскийдің украин барлаушылары Кремльдің осы жөніндегі жоспарын қолға түсіргенін баяндағанынан кейін белгілі болды.