Түркиядағы жер сілкінісі құрбандарының саны көбейіп келеді
АНКАРА. 7 ақпан. Түркияда кеше таңертең басталған жер сілкінісінен кейін қаза тапқан құрбандар саны сағат сайып ұлғайып келеді. Бұл туралы Anadoly хабарлады.
Еске сала кетейік, 6 ақпан күні таңертең басталған жер сілкінісі Түркия мен Сирияны дүр сілкіндірді. Алғашқы дүмпулер жергілікті уақыт бойынша 04:17 сағатта орын алды. Оның ошағы Газиантеп қаласына жақын жерден бой көрсетті. Ал тербелісі 7,7 балл болған екінші сілкініс Кахранмараш веләятынан көтерілді.
Түркия президенті Реджеп Тайип Ердоған мұндай ірі жер сілкінісі Анадолы жерінде 1939 жылдан бері болмағанын айтты.
Түркия ішкі істер министрі Сулейман Сойлу сілкініс дүмпуі Газиантеп, Кахраманмараш, Хатай, Османие, Адыяман, Малатья, Шанлыурфу, Адана, Диярбакыр және Килис қалаларына жеткенін баяндады.
Елдің вице-президентә Фуат Октай қазіргі мезетте қаза тапқандар санының 2 379-ға жеткенін, ал 14 483 адамның зардап шеккенін, сондай-ақ 7 840 ғимараттың қирап қалғанын мәлімдеді.
Ел президенті Реджеп Тайип Эрдоган осы қайғылы оқиғаға байланысты жеті күндік жалпы ұлттық аза жариялады.
«2023 жылғы 6 ақпанда біздің елімізде орын алған жер сілкінісіне байланысты жеті күндік жалпы ұлттық аза жарияланды. Біздің жалауларымыз бүкіл мемлекет территориясында және біздің шетелдердегі өкілдіктерімізде 12 ақпан күні күн батқанға дейін төмен түсіріліп тұрады», – делінген мемлекет басшысының жарлығында.
Жарлықтық Twitter-де жарияланған нұсқасы мынадай:
Recep Tayyip Erdoğan
@RTErdogan
Türkiye devlet görevlisi
6 Şubat 2023 tarihinde ülkemizde meydana gelen depremler sebebiyle yedi gün süreyle millî yas ilan edilmiştir. Bütün yurtta ve dış temsilciliklerimizde 12 Şubat 2023 Pazar günü güneşin batışına kadar bayrağımız yarıya çekilecektir.