Жаңалықтар жаңғырығыТіршілік

«Хатайспордың» үйінді астында қалған үш ойыншысы жарыққа шығарылды

АНКАРА. 6 ақпан. Түркиядағы жер сілкінісінен кейін «Хатайспор» командасының үйіндінің астында қалып қойған үш футболшысы құтқарылды. Бұл туралы Anadoly хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін азанда Анадолы жерінде эпицентрі Кахраманмарашта тербелісі 7,7 балл болған күшті жерасты дүмпуі орын алды. Нәтижесінде 1600 адам опат болып, 8000-нан астам адам зардап шекті.

Агенттік ақпарына сәйкес, «Хатайспор» клубының төрт ойыншысы жер сілкінісі салдарынан құлаған үйлер үйіндісінің астында қалып қойған. Олардың арасындағы Бурак Оксюз, Бертуг Йылдырым және Керим Алыджи қирандының арғы жағынан шығарылды. Бұлардың соңғысы сыртқа өз бетінше шыққан көрінеді. Сондай-ақ жаттықтырушылар штабының екі мүшесі – Экрем Экгиоглу мен Осман Атеш те үйінді астынан алынған.

Алайда жартылай қорғаушы Кристиан Атсу мен спорт директоры Танер Савуттың тағдырлары әлі белгісіз. Құтқарушылар қиранды қабаттарынан оларды іздестіріп жатыр.

«Хатайспор» – Хатай веләятының орталығы Антакья қаласының командасы. Түркия чемпионатында өнер көрсетеді. Ол қазір 21 турдан кейін 23 ұпаймен 19 клубтың арасында турнир кестесінің 14-орнында келеді.

Антакья қаласы зілзаланың алғашқы дүмпуі естілген Газиантеп қаласына өте жақын орналасқан.

Айтпақшы, бүгін Түркия чемпионатында «Фенербахче» мен «Коньяспор» жамағаттары арасындағы матч кейінге қалдырылды.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button