АймақЖаңалықтар жаңғырығы

Қазақстанның оңтүстік өңірлерінде жер сілкінісі бой көрсетті

АЛМАТЫ. 6 ақпан. Бүгін Қазақстанның оңтүстіктегі облыстарында тербелісі 5,4 балды көрсеткен жер сілкінісі болып өтті. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлікке қарасты сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының мәліметі бойынша, жер асты дүмпуі бүгін кешке қарай тіркелген.

«6 ақпан күні Алматы уақытымен 19 сағат 02 минут 40 секундта жер сілкінісі тіркелді. Зілзаланың эпицентрі Қазақстан территориясындағы Алматы қаласының батысына қарай 628 шақырым жерде орналасқан. MPV тербелісі – 5.4», – делінген хабарламада.

Онда сілкіністің Темірлан кентінің тұрғындарына – 3 балмен, Шымкентте – 2-3 балмен, Таразда 2 балмен сезілгені атап көрсетілген.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button