АҚШ Түркияның Ресейді санкцияны айналып өткізуіне жол бермейді
ВАШИНГТОН. 27 қаңтар. АҚШ Түркиядан Ресей компанияларының Америкада шығарылған ұшақтарын өз еліне кіргізбеуді және шығармауды талап етіп жатыр. Бұл туралы The Wall Street Journal хабарлады.
Басылымның жазуынша, Құрама Штаттар шенеуніктері Ресей авиакомпанияларының Америкадан сатып алынған ұшақтарының, соның ішінде Boeing компаниясы әуе лайнерлерінің Түркияға ұшып келуіне де, бұл жақтан ұшып шығуына да жол бермеуін талап етіп, қысым жасап жатқан көрінеді.
АҚШ сауда өкілінің бұрынғы көмекшісі Эмили Килкриз Түркияның АҚШ өтінген мәселені орындауға мәжбүр екенін баяндады. Бұдан кейін Ресей авиациясының ахуалы бұрынғыдан бетер нашарлай түседі, ол РФ-ға Украинаға соғысы кезінде қосымша қиындықтар алып келеді.
Түркия қыркүйек айында Ресейдің «Мир» картасына қызмет етуді тоқтатқан болатын. Бұл АҚШ-тың Түркияға бірнеше рет қысым жасап, ескерткенінен кейін орын алды. Америка шенеуніктерінің сөздеріне қарағанда, желтоқсан айында Анкарада келіссөздер жүргізуі кезінде таныс болған АҚШ сауда министрінің көмекшісі Теа Розман-Кендлер түрік азаматтары Ресейге, Беларуське қарай ұшатын және ол жақтардан келетін америкалық өндірістен шыққан ұшақтарға жөндеу және жанар-жағар май құю жөнінде қызмет көрсеткендері үшін айыппұл төлейтіндерін, тіпті түрмеге отырулары да мүмкін екеніндерін ескерткен екен.
«Бұл әрекеттер өткен жылы енгізілген АҚШ экспорттық бақылауының талаптарын бұзу ретінде бағаланады», – деп көрсетті Соғысты зерттеу институтының (WSJ) мәнбелері. Ал АҚШ сауда министрлігі жақында шетелдік авиакомпанияларға Ресей, Беларусь және Иран коммерциялық ұшақтарына қызмет көрсетуге қатысты салынған санкцияларды сақтаулары қажеттігін еске салып өтті.