Мәскеуде Путин мінетін тікұшақ құлады. Зардап шеккендер бар
МӘСКЕУ. 27 қаңтар. Кремльді қалада РФ президенті Владимир Путин мен оның жақындарын таситын Ми-8 тікұшағы қонатын кезінде апатқа ұшырады. Бұл туралы «Диалог. Ua» хабарлады.
«Мәскеу аэропортында Ресей Федерациясының бірінші тұлғаларын тасуға бекітілген тікұшақ құлап түсті», – делінген хабарламада.
Оқиға жұма, 27 қаңтарда Мәскеудің Внуково аэропортында орын алған. Ресей БАҚ-тары апаттың Ми-8 тікұшағының жерге «қатқыл қонғанынан» болған деп жазып жатыр. Ол, алдын ала болжам бойынша, қонар кезінде қалақшаларын жерге ұрып алған.
Аталмыш әуе лайнері РФ-ның бірінші тұлғаларын тасымалдаумен айналысатын «Россия» арнайы жасағанының қарауына қарайды.
Жедел қызмет органдарына сілтеме жасаған басылымдар сондай-ақ апаттың салдарынан зардап шеккендердің бар екенін де баяндады. Алайда, Путиннің істері басқармасындағылар мұны жоққа шығарып жатыр. Олар тек тізгіндік винттің ғана зақым алғанын алға тартты.