Польшадан кейін Эстония мен Латвия Ирина Влахқа санкция салды

КИШИНЕУ. 25 қыркүйек. Польша дәулетінен соң Эстония мен Латвия молдовалық Ирина Влахқа қарсы санкция салуды жалғастырды. Бұл туралы NewsMaker ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Эстония мен Латвия Молдова мемлекетінің автономиясы – Гагаузияның бұрынғы башканы, «Молдова жүрегі» партиясының жетекшісі Ирина Влахқа қарсы санкция салып, оның өз аумақтарына кіруіне тыйым жасады. Мұны 25 қыркүйекте екі елдің Сыртқы істер министрліктері мәлімдеді.
Эстония Сыртқы істер министрі Маргус Цахкна санкциялар «мемлекеттердің егемендігі мен аумақтық тұтастығына нұқсан келтіретін және сепаратизмді қоздыратын» екі адамға қатысты қолданылып жатқанын баяндады. Шектеулер ресейшіл басшылар, «Молдова жүрегі» партиясының жетекшісі Ирина Влах пен Сербия Республикасының бұрынғы президенті Милорад Додикке бағытталған.
Эстониядан кейін Латвия да Влахқа қарсы санкция салды. Сыртқы істер министрі Байба Браженің шешіміне сәйкес, «Молдова жүрегі» партиясының жетекшісіне белгілі бір мерзімге елге кіруге тыйым салынды.
Влах Эстония мен Латвия билігінің шешімдеріне әзірге түсініктеме берген жоқ.
Тамыз айының соңында Канада Молдоваға қарсы «Ресейдің дұшпандық әрекеттеріне» қатысты деген айыппен Ирина Влахқа санкция салған болатын. Бұдан бөлек, оған бес жылға дейін Литва мен Польшаға кіруге рұқсат етілмейтін болды.
Влах Канаданың Молдовадағы елшісі Гэвин Бючаннан түсініктеме талап етті. Дипломатқа жолдаған хатында Влах Канада билігі «адасқан» немесе жай қателескен болуы мүмкін дегенді алға тартты. Ол сондай-ақ Молдова билігі канадалық әріптестерінің шешімін «саяси қудалау үшін» пайдаланып жатыр деп шағымданды.






