Украина Қарулы күштері ресейлік 800 оккупантты жойып жіберді
КИЕВ. 28 қаңтар. Украина әскерлері кеше күні бойына Украина территориясында ресейлік 800 басқыншыны жаһаннамға аттандырып жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
Украина Қарулы күштері Бас штабының есебінше, 24.02.22-28.01.23 аралығында жаудың жеке құрамынан шамамен жалпы 125 510 әскери қызметкер оққа ұшқан. Бұдан бөлек, 3 189 танкісі, 6 344 бронды соғыс машинасы, 2 188 артиллериясы, 1 947 дроны, 5 027 автомобилі мен автоцистернасы, 293 ұшағы, 284 тікұшағы, 221 ПВО жүйесі, 453 РЗСО-сы, 796 қанатты ракетасы, 199 арнайы техникасы «капут» болған.
Қорғаныс күштері тәулікте дұшпанның 13 аудандағы шабуылдарын қайтарып, екі позициядағы әскерлерін жойып жіберген.
«Ресей оккупанттары өткен тәулікте ракетадан 10 соққы берді, олардың бірі Запорожьенің азаматтық инфрақұрылымына тиді, сондай-ақ авиациядан 26 соққы жасап, дүркін отты реактивті жүйеден 81 соққы берді, соның ішінде Очаков қаласында азаматтық нысандарды да атқылады», – делінген хабарламада.
Украина Қарулы күштері Донецк облысының Бахмут, Соледар және Вугледар (Угледар) елді мекендері үшін әлі кескілескен ұрыс қимылдары жүріп жатыр.
Кеше РФ армиясы Бахмуттың оңтүстік-батысындағы орманды алқапқа келіп орналасты. Оларды байқап қалған Украина әскерлері ресейліктерге қарай бірнеше снаряд жөнелтіп, мәселені бірден шешіп тастады. Осы жерде оккупанттар позициясы түгел талқандалып, гектарға жуық алап оқтың астында қалды. Бұдан кейін бірнеше дрон ұшып келіп, қалған әскерилерді жусатып кетті.
Украина әскерилері Угледардың түбінде РФ армиясы теңіз жаяу әскерлерінің 72-ші бригадасы жауынгерлерін артиллериямен атқылап, қырып тастады. 27 қаңтар күні орыстың теңіз-пияда жауынгерлерінің соққы астында қалғаны түсірілген видео әлеуметтік желіде тарады.