Швециядағы Құранды жағу акциясы ислам әлемін дүр сілкіндірді
СТОКГОЛЬМ. 22 қаңтар. Швед Расмус Палудың «Құран» кітабын Стокгольмдегі Түркия елшісі алдына келіп, отқа орауы мұсылман әлемінің ашу-ызасын туғызды. Бұл туралы DW хабарлады.
Ультра оңшыл белсенді мұны ислам дүниесіне қарсылық ретінде жасаған сияқты. Ислам қауымдастығы бұл бейбастақ актіні батыл айыптады.
Стокгольмде оңшыл экстремистердің соңы Құранды отқа жағуға ұласатын демонстрациясы ислам әлемінде буырқанған наразылық толқынын тудырып, Швеция мен Түркия арасындағы қарым-қатынасты ушықтырып жіберді. Ислам ынтымақтастығы ұйымы 22 қаңтар күні бұл «арандатушылық акцияның» мұсылмандардың қасиетті құндылығын аяққа таптау болып табылатынын мәлімдеп, мұны жасаған қаныпезер қауымды да, оған жол беріп қойып отырған швед билігін де айыптады. Осы акцияның өтуіне жергілікті билік рұқсат бергендіктен, Түркия соның қарсаңында Швеция қорғаныс министрі Пал Йонсонның Анкараға сапарын тоқтатты.
Осыдан кейін Швеция мен Түркия арасындағы онсыз да аумалы-төкпелі ахуал кілт бұзылды. Швецияның НАТО-ға мүше болуына 30 елдің ішінде қарсы болып тұрған Түркия мен Венгрия ғана еді. Ал Йонсонның 27 қаңтарда Түркияға келудегі басты мақсаты Анкараны осы тарапта өз жағына қарай бұру болатын.
Түркия мына акцияны үлкен ашу-ызамен қарсы алды. «Швеция билігінің барлық ескертулеріміз бен қарсылығымызға қарамастан, митингіні өткізуге рұқсат бергені бізді «жек көрушіліктің негізінде исламофобияны ынталандыру» болып табылады, деді Түркия президентінің өкілі Ибрагим Калын. «Қасиетті құндылыққа шабуыл жасау – бұл еркіндік емес, бұл – қазіргі заманғы варварлық», – деп атап өтті ол.
Әзербайжан сыртқы істер министрлігі де Стокгольмдегі акцияны батыл сынға алды.