ӘлеуметЖаңалықтар жаңғырығы

Қызылордада «Жолда қабылдау» акциясы ұйымдастырылды

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 тамыз. Қызылорда облысы аумағында «Жолда қабылдау» атты айрықша акция болып өтті. Бұл туралы Polisia.kz ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Қызылорда облысында Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай республикалық «Жолда қабылдау» акциясы қанат жайды. Іс-шараның мақсаты азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, көші-қон заңнамасы мен полиция қызметіне қатысты сұрақтарға ашық түрде жауап беру болды.

Акция таңертеңнен басталды, оның мобильді қабылдау пункттеріне 200-ден аса тұрғын жүгініп, құқықтық және практикалық мәселелер бойынша кеңес алды. Олар негізінен көлік тіркеу, айыппұлдар, жүргізуші куәлігін қалпына келтіру, көші-қон және тұрғын үй аумағындағы тәртіп мәселелері бойынша сұрақтар қойды.

Іс-шара барысында облыс аумағында 10 мобильді қабылдау пункті жұмыс істеді. Оларда  полиция департаментінің басшылығы, әкімшілік полиция, жергілікті полиция, көші-қон қызметі басқармаларының мамандары, сондай-ақ қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары азаматтарды қабылдап, нақты жауаптар беріп, мәселелердің шешілу жолдарын түсіндірді.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button