Акция аясында 8 мыңнан астам қазақстандық қан доноры болды

АСТАНА. 14 ақпан. Денсаулық сақтау министрлігі арнайы өткізген акцияның арқасында 8 мыңнан аса республика тұрғыны қан тапсырушы донорлар қатарынан табылды. Бұл туралы rast.kz хабарлайды.
Министрлік бұл орайда еріктілер қозғалысы бастамашы болған «Донор бол да үміт сыйла» акциясына қолдау білдірді. Нәтижесінде ақпан акциясы шеңберінде – 8465 адам, сондай-ақ тромбоциттер арасында 750 адам қан тапсырды.
Өзекті мәселеге түсіністікпен қарағана азаматтардың арқасында медициналық ұйымдар эритроциттердің 6695 дозасын, плазманың 4306 дозасын, тромбоциттердің 1790 дозасын алды.
«Қазақстанда жыл сайын 180 мыңнан астам азамат донор болады, олар жиынтығында 250 мыңнан астам қан мен оның компоненттерін донациялайды, – деп жазды осыған орай Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова. – Әрбір донация өмірді сақтауға нақты үлес болып табылады. Жыл сайын 80 мыңнан астам пациент қан құюды алады. Олардың көпшілігі үшін бұл сауығудың жалғыз мүмкіндігі».
Сайып келгенде, «Донор бол да үміт сыйла» акциясы: донорлық бұл медициналық емшара ғана емес, бұл мейірімділік пен мұқтаж адамдарға көмектесу үшін саналы таңдау екенін тағы да растады.






