Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Air Astana ұшағы турбуленттілікке түсіп қалды, зардап шеккендер бар

АЛМАТЫ. 2 қаңтар. Бүгін Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан Air Astana авиакомпаниясының ұшағы турбуленттік аймағына түсіп қалды. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.

«Air Astana авиа компаниясының Ташкенттен Алматыға ұшып шыққан ұшағында жеті адамға медициналық көмек көрсетілді. Бұған лайнердің күшті турбуленттілікке түсіп қалғаны себеп болды», – делінген хабарламада.

Авиатасымалдау баспасөз қызметінен хабарланғандай, жолаушылар әртүрлі деңгейде жарақат алып, күйікке ұшыраған. Оларға алғашқы медициналық көмек бортта жасалған.

Экипаж болған оқиғаны аэропорттың жердегі қызметіне хабарлады. Зардап шеккен жолаушыларды трап алдында жедел жәрдем күтіп алды.

Болған оқиғаға қатысты тергеу жұмыстары жүргізіледі.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button