АҚШ Еуропаға ядролық бомбалаушы ұшақтарын әкеп қойып жатыр

УАШИНГТОН. 12 ақпан. АҚШ Әскери-әуе күштерінің ядролық қару алып жүруге қабілетті екі ұшағын Еуропаға аттандырып салды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
«АҚШ Әскери-әуе күштерінің ядролық қару алып жүретін қабілеті бар B-52H Stratofortress маркалы екі ұшағы Ұлыбританиядағы Фэрфорд әуе күштерінің базасына келді», деп жазды UK Aviation News. Олар Солтүстік Дакотадағы Минот әуе күштерінің базасында орналасқан 69-шы бомба эскадрильясыныңбір бөлігі болып табылады. Жақын арада Ұлыбританияға осындай тағы екі ұшақ келгелі жатыр. Бірақ әлі олардың қайда орналастырылатыны егжей-тегжейлері жарияланған жоқ.
Бұдан бұрын Фэрфордтан келген В-52 ұшқтары НАТО-ның Балтық теңізі аумағындағы жаттығуларына қатысқан. Осы арқылы Ресейдің аймаққа жасап қалуы ықтимал агрессиясының алдын алудың қамы қарастырылған. Өткен жылдың қарашасынан желтоқсан айының ортасына дейін олар Финляндия, Швеция және Литва елдерінің үстінде тоғыз ұшудан тұратын бомбалау жаттығуларын орындап шықты. Операциялар кезінде бұл ұшақтарды әуеде НАТО-ға мүше елдердің истребительдері қорғап жүрді.
Boeing B-52H Stratofortress ұшағы – 1955 жылдан бері Америка Құрама Штаттарының Әскери-әуе күштерінде қызмет етіп келе жатқан және үнемі жаңартылып отыратын, ұзақ қашықтыққа ұшатын ядролық қабілетті ауыр бомбалаушы лайнер. Ол осы есептегі 31,5 мың кг жүкті көтере алады. Ресейдің Украинаға басып кіруінен кейін АҚШ Еуропадағы стратегиялық күштерін кеңейтті. Бұл да көрші елге де, Батысқа да қауіп төндірген Ресей президенті Владимир Путиннің ядролық бопсалауына жауап болды. Тек 2024 жылы ғана АҚШ-тың бомбалаушы ұшақтары Ұлыбританияға, Швецияға, Испанияға және Румынияға жіберілді. Белгіленген мақсат «НАТО одақтастарымен және серіктестерімен қарым-қатынасты нығайту» деп аталды. Осы жылдың қаңтар айының ортасында АҚШ Еуропада модификацияланған В61-12 ядролық авиабомбаларды орналастыруды аяқтағанын хабарлады.