25 Тамыз, 19:08
RAST.kz
USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸
Погода в Астане
Погода
Погода в Астане на 2 недели
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
RAST.kz
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету

Путин атып түсірілген Әзербайжан ұшағы үшін кешірім сұрамайды

8 Ақпан 2025 23:06
- Жаңалықтар, Қоғам
Путин атып түсірілген Әзербайжан ұшағы үшін кешірім сұрамайды
Facebook-те бөлісу Twitter-де бөлісу

МӘСКЕУ. 8 ақпан. Ресей президенті Владимир Путин Грозныйда атып түсірілген Әзербайжан ұшағы үшін көпшілік алдында кешірім сұраудан бас тартты. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Владимир Путин желтоқсанда орын алғаан AZAL (Әзербайжан әуе жолдары) ұшағының апатына қатысты мәлімдеме жасауды жоспарлап отырған жоқ. Кремль спикері Дмитрий Песков Әзербайжан бұқаралық ақпарат құралдарында орын алған Грозный аспанында атқыланған ұшақ үшін жауапкершілікті Ресейден сұрау жөніндегі хабарларға түсіндірме бере отырып осының жайын айтты. «Жоқ, [апат туралы айту] жоспарда жоқ», – деді ол.

Бұған дейін Reuters агенттігі Әзербайжан үкіметіндегі мәнбеген сілтеме жасап, Қазақстанның Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған AZAL компаниясының Embraer E190 ұшағын ресейлік Pantsir-S зениттік-зымырандық кешені атып түсіргенін хабарлаған болатын. Кейін «Azeri-Press» (APA) басылымы Мәскеу өз кінәсін мойындамаса, Бакы оған қарсы халықаралық сотқа шағым түсіруге дайындалып жатқанын жазды. Басылымның мәліметінше, қазір қайғылы оқиғаға Ресейдің қатысы барын растайтын айғақтар мен басқа да материалдар талданып жатыр.

Қазақстанның Көлік министрлігі бірнеше тесігі бар фюзеляждың фотосуреттерімен бірге оқиғаға қатысты алдын ала есепті жариялады. Құжатта ұшақтың құйрық бөлігінде, тік тұрақтандырғышта, сондай-ақ лифт пен рөлде оқ тесіп өткен және өтпей қалған тесіктердің тіркелгені атап көрсетілген. Осыған ұқсас іздер ұшақтың сол қанатында, қозғалтқышында және басқа бөліктерінде де табылған.

Бұдан бөлек, Әзербайжан Көлік министрлігі апат болған күні Грозный әуежайында «Кілем» режимі (әуе кеңістігін төтенше жағдайда жабу) енгізілгенін, алайда диспетчер бұл туралы экипажды зардап шеккеннен кейін хабардар еткенін баяндады. Ведомство сондай-ақ ұшақтың Шешенстан аспанында GPS сигналын жоғалтқанын атап өтті.

APA-ның хабарлауынша, Әзербайжан тарапы Мәскеудің 2014 жылы Донбасс үстінде малайзиялық Boeing MH17 ұшағы атып түсірілгеннен кейін қолданылған стратегияны қайталап, оқиғаның мән-жайын жасыруға тырысып отыр деп есептейді. Республика билігі Қазақстанның Көлік министрлігінің есебін жариялағаннан кейін де Ресейдің өз жауапкершілігін мойындамай отырғанына наразы.

AZAL ұшағының апаты 25 желтоқсанда, Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан Embraer E190 ұшағы Ақтау облысында құлаған кезде орын алды. Қайғылы оқиға салдарынан 38 адам қаза тауып, тағы 29 адам жарақат алды.

 

Таңбалар: апатӘзербайжанВладимир Путинұшақ

Ұқсас мақалалар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»
Жаңалықтар

«Ішкі жаулар Путинге сайлауға дейін соққы берулері әбден ықтимал»

11.08.2026
Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді
Жаңалықтар

Новосібір тұрғындарынан Путин келіп-кеткенше қозғалысты шектеу талап етілді

11.08.2026
Украина Ресейдің қорғаныс шебінің осал жерлерін тапты
Көзқарас

Украина Ресейдің қорғаныс шебінің осал жерлерін тапты

02.08.2026

КӨП ҚАРАЛҒАНЫ

  • Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

    Өмірдің өрінен тағы бір жайсаң, жақсы жан өтті

  • Аида Балаева: Біз «Қазақфильмнен» айырылып қала жаздадық

  • Алашқа аты аян айтулы ақын Елубай Әуезов ақтық сапарға аттанды

  • «Көршінің қызы» керемет еді (видео)

  • Мемлекет басшысы Үкімет құрамында бірқатар өзгерістер болатынын мойындады

  • Денсаулық министрі жеке азаматтарды қабылдап, мәселелерін шешуге ықпал етті

  • Путиннің кедейлерге арналған соғысы байларды байыта түседі

RAST.kz

Ақпараттық-танымдық, қоғамдық-саяси, ғылыми-көпшілік порталы

Сайт Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде 23.01.2020 ж. тіркеліп, №KZ56VPY00019585 куәлігін алған.

Құрылтайшы:
«Даларус» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Яндекс.Метрика

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

  • Кіру
Нәтиже жоқ
Барлық нәтижені көрсету
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Жаһан
  • Әлеумет
  • Дәулет
  • Аймақ
  • Сайыс
  • Таным
  • Қайнар
HTML Weather widget for website by meteolabs.kz

USD USD 457.99 ₸
EUR EUR 534.15 ₸
RUB RUB 5.47 ₸

© 2026, Барлық құқықтар сақталған.

Қош келдіңіз!

Төмендегі тіркелгіңізге кіру

Құпиясөзді ұмыттыңыз ба?

Құпия сөзді қалпына келтіру

Құпия сөзді қалпына келтіру үшін пайдаланушы атыңызды немесе электрондық пошта мекенжайыңызды енгізіңіз.

Кіру

Add New Playlist