HIMARS Макеевка казармасын атқылап, жүздеген жауды жер жастандырды
КИЕВ. 2 қаңтар. Украина Қарулы күштері Донецк облысының Макеевка қаласында дұшпанның жүздеген оккупантты жоқ қылып жіберді. Бұл туралы The Moscow News хабарлады.
Соққы 1 қаңтар күні жергілікті уақыт бойынша 00:01 сағатта берілді. Ол Саратов облысынан әскерге шақырылғандар казарма ретінде орналасқан бұрынғы №19 ПТУ ғимаратын сүріп тастады.
Өзін өзі жариялаған ДХР үйлестіру орталығының мәліметі бойынша, кемінде 15 адам қаза тапқан. Бірақ Украина Қарулы күштері стратегиялық басқармасының баяндауынша, 400-ге жуық оккупант оққа ұшып, 300 басқыншы жараланып қалған.
«Romanov Лайт» телеграм-каналы соққы салдарынан оқ-дәрілердің не атылғанын жазады. Содан келіп, осыншалықты ірі жарылыс орын алған.
Төмендегі суреттерде: соққыға дейінгі және соққыдан кейінгі ғимарат