Қазақстан соттары енді Назарбаев отбасы мүшелерін соттай алады
АСТАНА. 30 желтоқсан. Қазақстанның сот жүйесі бұдан былай Назарбаевтар отбасы мүшелерін соттай алатындай пәрменге қол жеткізетін болды. Бұл туралы Liter.kz хабарлады.
Парламентте осыған байланысты арнайы жұмыс тобы құрылды.
«28 желтоқсанда ҚР Парламенті Нұрсұлтан Назарбаевты «Елбасы» мәртебесінен айыру туралы конституциялық заңның жобасы бойынша жұмыс істеуді бастады. Егер заң жойылатын болса, бірінші президенттің өзімен бірге тұратын отбасы мүшелері қол сұқпаушылық иммунитетін жоғалтады», – делінген хабарламада.
Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов үзіліс кезіндегі мәурітте журналистерге осы жайында айтты.
«Егер заң өзінің күшін жоғалтар болса, онда осы заңмен қарастырылған иммунтитеттің бәрі толығымен жоғалтылады. Ол енді іске жарамсыз болып қалады. Ал бірінші президент үшін экс-президенттер туралы норма ғана сақталып қалады», – деді Қошанов.