Жаңалықтар жаңғырығыСпорт

Бибісара Асаубаева шахматтан әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

АЛМАТЫ. 30 желтоқсан. Алматыда өткен блиц-шахматтан әлем чемпионатында қазақ қызы Бибісара Асаубаева топ жарып, қатарынан екінші рет чемпион атанды. Бұл туралы rast.kz хабарлады.

Соңғы тур алдында Бибісара қытайлық Тань Чжунъимен бірге турнир кестесін бастап тұр еді. Ал қорытынды турда қазақ қызы кезекті қарсыласын ұтты да, оның бәсекелесі ұтылып қалды. Сөйтіп, 18 жастар Бибісара Асаубаева тез ойналатын шахматтан әлемнің қатарынан екінші мәрте чемпионы атанды. Ол өткен жылы Польшада (Варшава) өткен чемпионатта бірінші рет чемпиондық атаққа қол жеткізген еді.

Бұдан бір күн алдын қазақстандық тағы бір шахматшы қыз – Динара Сәдуақасова рапидтен әлемнің күміс жүлдесіне қол жеткізген болатын.

.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button