Жаңалықтар жаңғырығыОқиға

Ақтөбеде деструктивті ағымды жақтаушылар бопсалау күдігіне ілікті

АҚТӨБЕ. 3 желтоқсан. Ақтөбеде деструктивті ағымды жақтаушылар бопсалау күдігіне ілігіп, тексеріліп жатыр. Бұл туралы ҚазТАГ хабарлады.

Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсына сілтеме жасаған агенттік осыған байланысты төрт адамның ұсталғанын баяндайды.

«Ақтөбе облысы полиция департаментінің экстремизмге қарсы күрес басқармасы арнайы жасақ жауынгерлерімен бірлесіп бопсалаушыларды ұстады». – делінген хабарламада.

Тергеуге дерегіне сәйкес, күдіктілер қараша айының басында зорлық-зомбылық жасайтын болып қорқытып, Ақтөбе тұрғынының ВАЗ-21070 автокөлігін алып қойған.

Қоқан-лоққылық әрекеттері үшін ұсталғандардың төртеуі де деструктивті діни ағымдардың өкілдері болып шықты.

Күдіктілердің бірі Қылмыстық істер жүргізу кодексі 128-бабы бойынша Ақтөбе қалалық полициясы басқармасының уақытша ұстау оқшаулағынына қамалды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің 194-бабы (бопсалау) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button