Ресей ВИЧ инфекциясын жұқтыруда әлемде алдыңғы 5 ел қатарына кірді
МӘСКЕУ. 4 желтоқсан. Ресей Федерациясы жаңа ВИЧ инспекциясын тарату бойынша жер-жаһандағы ең белді 5 елдің қатарынан орын алып отыр. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
2021 жылы әлемде 1,5 миллион адам жаңа ВИЧ инфециясын жұқтырды. Осы көлемнің 3,9 пайызы Ресейдің үлесіне тиеді. Бұл көрсеткіш бойынша Кремль билеген ел тек Африкадағы Танзания (3,6 %), Уганда (3,6 %), Замбия (2,5%) және Кения (2,3 %) мемлекеттерін ғана артқа тастап тұр.
Statista мәліметі бойынша, РФ-дан СПИД-тің таралу мөлшері бойынша төрт мемлекет қана алда келеді. Олардың қатарында Оңтүстік Африка Республикасы (14 %), Мозамбик (6,5 %), Нигерия сынды (4,9 %) «қара құрлық» елдері және Үндістан (4,2 %) бар.
Қазіргі уақытта Ресей азаматтарының тағы 1 пайызы ВИЧ жұқтырып алғандары анықталып жатыр.
Роспотребнадзордың дерегі бойынша, Ресейде жастары 15-тен 49-ға дейінгілер арасынан 1,5 пайыз адам ВИЧ инфекциясын жұқтырған. Бұл жағынан Ресей Еуропа дәулеттерін 3-15 есе орайды.
Африка елдерінің ортасындағы Ресейдің орны мынадай: