Жаңалықтар жаңғырығыРуханият

РФ насихатшылары ресейліктерді Гаага трибуналына дайындауды бастады

МӘСКЕУ. 30 қараша. Ресейдің мемлекеттік телерналары Украинадан жеңіле қалған жағдайда өздерін Гаага трибуналы күтіп тұрғанын жұрт санасына сіңіруге кірісті. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

«Мемлекеттік арналар Ресейдің Украинамен соғыста жеңілуінің соңында ел тұрғындарын не күтіп тұрғанын айтуды бастады», – делінген хабарламада.

RT телеарнасының бас редакторы Маргарита Симоньян мұндай жағдайда соғысқа қатыстары бар адамдардың бәрін Гаага трибуналы күтетінін ескертті.

«Егер бізге жеңіліп қалатындай күн туса, тіпті Кремль қабырғасының арғы жағындағы жерді сыпырып жүрген аулашыға дейін, бәрімізді шартты не нақты түрде Гаага күтетін болады. Киевтің тағы бір ауданы жарықсыз қалғанының немесе қалмағанының бізге не келіп-кетері бар? Әгәрәкім біз мұны жасайтын [жеңілетін] болсақ, біздің еліміздің бастан кешетін апатының ауқымын тіпті көзге елестету де мүмкін емес», – деп мәлімдеді Симоньян «пропагандист» Владимир Соловьевтің ток-шоуында.

Ол сондай-ақ Украинаның соғыста Қырымды тартып алуы мүмкін екеніне байланысты қауіптің барын, Ресейдің ұрыс даласында УҚК-теріне қарсы ештеңе де істей алмайтынын, тап сондықтан армияның азаматтық инфрақұрылымдарды бомбылап жатқанын іс жүзінде мойындап та қойды. «Олар біздің Қырымды алуға дайындалып жатыр, ал біз бұл жағдайда не істей аламыз, тек күн сайын бомбылай беруге көшеміз. Инфрақұрылымдарды бомбылаймыз. Құдай көріп тұр, біз басында мұны қаламап едік. Мен биліктің де мұны қаламағанын өте жақсы білемін», – деді Симоньян.

Ол енді кері қайтатын жол жоқ екенін, сондықтан ақырына дейін бару керектігін, ал бұл инфрақұрылымдар «Украинаға соғысуға және дұшпандарын өлтіруге» көмектесетін болғандықтан, оларды қиратуға тура келетінін, бірақ трибуналдан бәрібір құтыла алмайтындарын айтып салды.

Алайда, сол кезде Соловьев егер Ресей жеңілетін болса, «ешқандай Гааганың болмайтынын» атап көрсетіп, Симонтянның екпінін басты. Оның сөзінше, бұл жағдайда бір ғана нәрсе – «бүкіл әлемнің құрдымға кетуі» қалады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button