Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Халықаралық қылмыстық сот РФ-ның екі қолбасшысын қамауға ордер берді

ГААГА. 6 наурыз. Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) РФ Қара теңіз флоты мен алыс авиация қолбасшыларын қамауға алу жөніндегі ордерге қол қойды. Бұл туралы The Moscow News ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Гаагадағы Халықаралық сот РФ Қара теңіз флотының қолбасшысы, адмирал Виктор Соколов пен РФ алыс бағыттағы авициясының қолбасшысы, генерал-лейтенант Сергей Кобылашаны Украинаның бейбіт тұрғындары мен инфрақұрылымдарына жасаған соққылары үшін қамауға алып, соттауға ұйғарым жасады.

«Бұл екеудің өз қарауындағыларға украинның энергетикалық инфрақұрылымдарына кемінде 2022 жылдың 10 қазаныннан 2023 жылдың 9 наурызына дейінгі аралықта ракеталармен соққылар жасауға бұйрық бергендеріне айғақты дәлелдер бар», – делінген хабарламада.

Іс материалдарына сәйкес, фигуранттарға азаматтық нысандарға соққы беру, адамзатқа қарсы қылмыс жасау, азаматтық тұрғындарға шамадан тыс кездейсоқ соққылар беру, қылмыстық бұйрықтар беру және өз қарауындағы күштерге тиісті бақылау орнатуға қабілетсіздік таныту деген айыптар тағылып отыр.

Істі қарайтын соттың құрамына төрағалық етуші судья Розарио Сальваторе Айтала, сондай-ақ судьялар Томоко Аканэ мен Серхио Херардо Угальде Годинес кірді. Тап осындай құрам өткен жылдың наурыз айының ортасында Ресей президенті Владимир Путин мен оның балалар обмудсмені Мария Львова-Белованы қамауға алу жөнінде ордер берген еді.

Путинге РФ әскерлері басып алған Украина территорияларынан жергілікті украин балаларын заңсыз, қылмыстық жолмен Ресейге әкетіп қалды деген айып тағылды. Дәл осындай айып Львова-Беловаға да қарсы таңылып отыр.

Енді бұлардың қатарына тағы екі әскери қолбасшы қосылды. Келешекте бұлардың құрамы арта беретіні анық.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button