Жаңалықтар жаңғырығыҚұқық

Ресей билігі ғалымдарды мобилизациядан босатудан бас тартты

МӘСКЕУ. 30 қараша. Ресей үкіметі заң жобасына ғылым докторлары мен кандидаттары үшін мобилизация уақытын кейінге қалдыру жөнінде бап енгізуге келісім бермеді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.

Мемлекеттік думаның ғылым комитеті басшысының орынбасары Ксения Горячева телеграм-каналда сөйлеген сөзінде осының жайын ашып айтып берді. «Қорғаныс министрлігі президенттің кейінгі қалдырыру жайлы жарлығы тізіміне кіретіндер санын арттыра бергеннің мақсатқа сай келмейді деп есептейді. Ал қабылданған шаралар шынында жеткілікті дейді», – деді ол.

Горячеваның айтуынша, оның комитеті мен Білім және ғылым министрлігі бұл тарапта құжат дайындай беруді тоқтатайын деп отырған жоқ. «Енді өзімізді өзіміз алдай берудің еш қисыны жоқ: біз өте қиын жағдайда қалып тұрмыз, одан тек өзіміздің ақылды да талантты адамдарымыз арқылы ғана шыға аламыз. Бірінші кезекте – ғалымдар. Жаңаша шешімдерсіз біз істі оңдыра алмаймыз. Тіпті Ұлы Отан соғысы кезінде де докторлар, кандидаттар мен профессорлар әскерге алынған жоқ еді», – деп түйіндеді ол.

Қазан айының аяғында Мемлекеттік думаның ғылым жөніндегі комитеті ғалымлар мен ғылыми атақтары бар педагогтарды әскерге шақырылудан босататын заң жобасын дайындаған болатын. Мұндай норманың керек екенін Думаның вице-спикері Борис Чернышев қадап тұрып айтып еді. Ал ғалымлардың өздері 17 қазанда осы тақырыпта ашық хат жазды. Оған 785 ғалым қол қойды. Бірақ мәселе әлі оңды шешілмей жатыр.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button