Жаңалықтар жаңғырығыҚайнар

Ресейдің үш дүркін жойқын шабуылға жететін ракеталары қалды

КИЕВ. 22 қараша. Украина Қорғаныс министрі Олексий Резников Ресейдің үш мәрте жойқын шабуыл жасауға ғана жететін ракеталары қалғанын есептеп шығарды. Бұл туралы УНИАН хабарлады.

Зымырандардың қорын қайта жасап алуы үшін Ресейге 14-16 ай шамасында уақыт керек болады.

Министр Олексий Резников Ресейдің әртүрлі типті ракеталарды пайдалануы жөніндегі мәліметтердің инфоргарфикасын көрсетті.

«Қазір Ресей ракеталары арсеналының төрт жауы бар: украин әуе шабуылына қарсы күштері, Ресейдің қолапайсыз ракета әскерлері, санкциялар, уақыт. Біз әлемде бейбітшілік орнату үшін террорлық мемлекеттің милитаризациясын жоямыз!», – деп жазды ол Twitter-де.

Инфографикаға көз салғанда, біз Ресейдің осы кезге дейін 829 «Искандер» ракетасын пайдаланғанын, енді оның 119-ы қалғанын (13%) білеміз, сол сияқты 3М-55 Onyx-тың әлі 74 пайызы, С-300-дің 87 пайызы бар.

Сондықтан БАҚ-тар бұл қарулардың қанша шабуылға жететіндерін, Ресейдің ракета әлеуетінің қаншалықты екенін өздерінің жоғары лауазымды мәнбелерінен сұрастырды.

«Украинская правда» басылымы өзінің мәнбесіне сүйене отырып, РФ қараша айының ортасындағы әлеуеті жағдайы бойынша, ең мықтағанда, үш рет жойқын күшпен атқылай алатынын анықтады.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button