Венгрия Путиннің арандату мәлімдемесіне орай жауап қайтарды
БУДАПЕШТ. 6 қараша. Венгрия сыртқы істер министрлігі Владимир Путиннің мәлімдемесіне орай Украинаға территориялық талабы жоқ екенін айтып жауап берді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.
«Венгрия сыртқы істер министрлігі РФ президенті Владимир Путинді жанжалды ушықтыра түсетін мәлімдемелер тарата бергенше, соғысты отын тоқтатуға шақырды», – делінген мәлімдемеде.
«Біз соғыс жанжалын ушықтыра түсетін мәлімдемені дұрыс деп есептемейміз. Мұндай мәлімдеме жариялағанша, жедел соғыс отын өшіріп, бейбіт келісімге келу жағын ойлауы керек еді», – деп мәлімдеді сыртқы істер министрлігі. Ал Путин өзінің бұл сөзінде Польша, Румыния және Венгрия елдерінің Украинаға территориялық талаптары болулары мүмкін екенін баяндаған болатын.
Аталған елдердің басшылығы бұл мәлімдемеге тез жауап қайтарды: Румыния өзінің ешқандай шағымы жоқ екенін білдірді, ал Польша жалған ақпар таратып отырғаны үшін Путиннің өзін айыптады.
Венгрия үкіметі РФ президентінің арандатушылығына ешқандай мән берген жоқ. Бірақ жексенбі күні бұл елдің сыртқы істер министрлігі журналистерге осыған байланысты жоғарыдағыдай түсіндірме жасады.