Жаңалықтар жаңғырығыЭкономика

Еуропа одағы Венгрия үшін бөлінетін 16 млрд еуро несиені тоқтатты

БРЮССЕЛЬ. 26 наурыз. Еуропа одағы Венгрияға берілуі қарастырылып жатқан 16 млн евро көлеміндегі несие жоспарын қатырып тастады. Бұл туралы DW ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.

Будапешттің қорғаныс несиесі үшін берген өтініші Еуропа одағы саммитінен кейін қатырылып тасталды, яғни әзір берілмейтін болды. Бұған венгер премьер-министрі Виктор Орбанның одақтың Украинаға бермек болған несиесін бұғаттағаны себеп болды.

Венгрия үкіметінің басшысы 19 наурызда Брюссельде өткен Еуропа одағы саммиті кезінде одақтың Украинаға бергелі тұрған 90 млрд сомасындағы несиебесіне вето қойған болатын.

Бұдан кейін Еуропа комиссиясы да Венгрияның кредит жоспарын бекітуді кейінге қалдырды.

Бұған дейін Виктор Орбан Украина «Дружба» газ құбырының өз жеріндегі бөлігін жөндеп іске қоспайынша, оған берілетін көмектің кез келген түрін бұғаттап отыратынын мәлімдеген еді.

Еуропа одағы сонымен қатар өздерінде жүрген барлық басқосуларда қаралған барлық мәселені заматында Мәскеуге жеткізіп тұратыны белгілі болғаннан кейін Венгрияның өкілін құпия жиындарға қатыстырмау жөнінде де шешім қабылдаған болатын.

Тағы көрсету

Ұқсас мақалалар

Back to top button