АҚШ Иранға қарай соғыс ұшақтарының тобын аттандырды
ВАШИНГТОН. 6 қараша. АҚШ Қарулы күштерінің басшылығы Иран елі тарапына қарай соғыс ұшақтарын аттандырып салды. Бұл туралы The Washington Post хабарлады.
Пентагон мұны Сауд Арабиясының барлауы Тегеранның өз елдеріне шабуыл жасауға дайындалып жатқаны жайлы ақпар бергеннен кейін жасап жатыр. Корольдіктегі АҚШ әскери күштері мен сауд армиясы жоғары әскери дайындық сапына қойылды.
Осы аптада Эр-Рияд барлауы АҚШ-қа Иранның Сауд Арабиясындағы нүктелерге, сондай-ақ Ирактың Күрдістанындағы америкалық әскерлер орналасқан базаларға шабуыл жасауға дайындалып жатқанын жеткізді. Ақ үй артынша бұл ақпарды растады.
Вашингтон мұнай өндіруді қысқарту жөнінде келіспеушіліктері болғанына қарамастан, Эр-Риядпен қарым-қатынасты сақтап қалу жолындағы әрекеттерін тоқтатпайды. Қазан айының басында ОПЕК+ елдері 2020 жылдан бері бірінші рет қараша және желтоқсан айларында мұнай өндіруді рекордты мөлшерге – тәулігіне 2 млн баррельге дейін түсіруге келісімге келді. Бірақ мұндай қысқарту Ресей үшін тек пайда әкелетін еді. Осыған байланысты Байденнің әкімшілігі Сауд Арабиясын мұндай шешімнен бас тартуға үгіттеп көндіре алмады.
Осыдан кейін АҚШ-тың көптеген конгрессмендері Сауд Арабиясымен ынтымақтастықтың толық тоқтатып, мұнда Америка әскерлеріне кіргізуге шақырған болатын. Алайда Ақ үй Эр-Риядпен қарымс-қатынасты үзуге асыға қоймады.
Құрама Штаттар өңірде айтарлықтай мөлшерде тұрған әуе күштерін, F-22 истребительдерін сақтап қалды. Бұдан басқа, барлау қызметін жетік меңгерген 2500 әскери қызметкері бар-тын.
Осы күндері Иран Украинадағы соғысқа пайдалануы үшін Ресейге соғыс дрондарын бергенін де мойындады. Бұған дейін олар бет бақтырмай келіп еді. Иран сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахианның мәлімдеуінше, соғыс басталғанға дейін бірнеше ай бұрын аздаған партияларын беріпті-міс.