Түркия Ресейдің әскери кемелерін Қара теңізге кіргізуден бас тартты
АНКАРА. 7 қараша. Түркия Ресейдің Тынық мұхит флотының тоғыз ай бойы рұқсат күткен корабльдерінің Босфор бұғазы арқылы өтіп, Қара теңізге келіп кіруіне жол бермеді. Бұл туралы The Moskow News хабарлады.
«Осыдан кейін әскери кемелерге өздерінің базасы болып табылатын Владивостокқа қайтып оралғаннан басқа жол қалмады», – деп жазды Би-би-си радио станциясының орыс тіліндегі нұсқасы Қара теңіз стратегиялық зерттеулер институты мониторинг тобының жетекшісі Андрей Клименконың сөзіне сүйеніп.
Оның мәліметінше, Тынық мұхит флотының «Варяг» ракета крейсері мен «Адмирал Трибуц» үлкен қайыққа қарсы кемесі Қара теңіз акваториясына қарай өтіп, Украина территориясына шабуыл жасау үшін Жерорта теңізінде 2 ақпаннан бері тұрған екен. Алайда, Анкара олардың мұнысына жол бермей қойған. Ал жексенбі, 6 қараша күні жұрт Владивостокқа қайтып бара жатқан бұл екі кемені де Сингапурдың жанынан байқаған.
Түркия Украинадағы соғыстың басталуына екі апта қалған уақытта Ресейдің Балтық флоты 71-бригадасының «Калининград», «Минск», «Королев», «Петр Моргунов», «Георгий Победоносец» және «Оленогорский горняк» деген алты десанттық кемесін Қара теңіз аумағына қарай жібермей қойған еді. Ол кезде РФ қорғаныс министрлігі олардың 13-19 ақпан аралығында өтетін жаттығу жиынына келгенін мәлімдеген болатын.
Ресейдің әскери сарапшысы Павел Фельгенгауэр мұның Ресейдің Одессаға түсірілетін десанты екенін айтып, ескерткен-ді.
Украина Қарулы күштері қазіргі таңда Қара теңізде Ресейдің ракета тасығыш бірде-бір кемесінің жоқ екенін айтып отыр. Ал Ресей флотының мұндағы 7 соғыс кемесінде де зымыран тасығыш жоқ. «Алайда, жауда әуеден, теңізден, құрлықтан атқылайтын ракеталар мен құралдар әлі көп», – деп мәлімдеді УҚК «Оңтүстік» командованиесіндегілер.
29 қазан күні украин күштері дрондардың көмегімен Қара теңіз флотының Севастопольдегі тұрағына шабуыл жасады. Осыдан кейін РФ қорғаныс министрлігі украин порттарынан шығарылатын астық жөніндегі келісімге қатысуларын тоқтататындарын мәлімдеген еді. Бірақ Түркия тарапы Ресейдің мәлімдемесіне қарамастан, астық тиелген кемелерді алып шығуды жалғастыра берді. Басқа амалы қалмаған Ресей президенті Владимир Путин кейінірек Украинадан Қара теңіз флотына қауіп төндіруді тоқтатуды талап етті.
Алайда, Украина президенті офисі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляктың айтуынша, Украина Қара теңіз флотының қауіпсіздігі жөнінде ешқандай кепілдік бермеген. «Украинаның «теңіздер мен мұхиттардың қатері – Қара теңіз флотының қауіпсіздігіне кепілдік бере алатынын жөніндегі ойдың өзі «барынша қолайсыз» болып көрінер еді.