Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Ресей оккупанттары өткен түнде Луганск жерінде қырғынға ұшырады

КИЕВ. 6 қараша. Ресей пабликтері Луганск облысында «ішінара» мобизизацияланған солдаттардың өткен түнде қырылып қалғандарын жазып жатыр. Бұл туралы «Донпресс» хабарлады.

Осы қырғында аман қалған әскери қызметкер Алексей Агафонов Луганск облысының Сватов ауданындағы Макеевка қаласымен түйісетін жерде нағыз қанды қасап орын алғанын айтып берді. Ол осы жерде 500-ден аса «мобиктің» жер жастанғанын атап өтті.

Агафоновтың айтуынша, уәде етілген «майдан шебінен 15 шақырым қашықтық» далада қалып, бүкіл батальон жаумен түйісу желісіне әкелінген, оларға дереу окоп қазып алып, қорғаныс шебін құру тапсырылған.

Таң алдында Ресей оккупанттарын артиллериядан атқылау басталып кеткен.

«Артиллериялар, ГРАД-тар, минометтер, коперлер бізді жан-жақты атқылаудың астына алды. Осы зобалаң басталғанда, офицерлер тым-тырақай қашып кетті. Сөйтіп, соңында 570 адамнан 29-ымыз ғана аман қалдық, тағы 12 адам жарақаттанды, қалғандарының бәрі «тынды» біржола», – деді ол.

Агафонов сондай-ақ өздері келгенге дейін дәл осы позицияда мобилизацияланғандардың кемінде екі батальоны талқандалғанын айтты. Олардың үйіліп жатқан ондаған мәйіттерін өз көзімен көріпті.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button