Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина әскерлері өткен тәулікте 600 оккупантты жер жастандырды

КИЕВ. 5 қараша. Украина Қарулы күштері өткен тәулік ішінде ресейлік 600 оккупантты оққа байлады. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Украина Қарулы күштерінің бас штабы Ресей армиясының қазірге дейін 75 мыңнан астам адамынан, 2758 танкісінен айырылғанын мәлім етті.

Өткен тәулікте ғана украин әскерлері Луганск жерінде жаудың біраз адам күші мен техникасын жойды. Олар, атап айтқанда, мұнда 5 танкіні, 2 бронды машинаны және көптеген басқыншыны іске алғысыз етіп тастады.

Тек 4 қараша күні ғана эжалпы 8 танкі, 21 бронды машина жойылды.

Сонымен, оккупациялық Ресей армиясының осы кезге дейінгі жалпы шығыны мынадай болып отыр:

жеке құрам – 75440 адам;

танкілер – 2758;

ББМ – 5601;

артиллерия жүйесі – 1776;

РСЗО – 391;

ПВО – 202;

ұшақтар – 277;

тікұшақтар – 260;

автомобильдер мен автоцистерналар – 1462;

кемелер/катерлер – 16;

БПЛА (дрондар) – 1462;

арнайы техника – 155;

қанатты ракеталар – 399.

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button