Луганскіде «Ресей батыры» 18 жастағы бойжеткенді барда атып өлтірді
МӘСКЕУ. 30 қыркүйек. «Ресей батырый Ирек Магасумов Луганскіде 18 жасар қызды өлтіріп қойғаны үшін қамауға алынды. Бұл туралы Mash ақпарына сүйенген rast.kz хабарлайды.
Тергеу Ресейдің батыры атағын алғанына он күн де толмаған «есіл ердің» осы қылмысқа тікелей қатысы бар екенін растады. Ал әуелгіде құқық қорғау органдарының құзырына өзін қызды өлтірген қылмыскер ретінде атап көрсеткен басқа әскери қызметкер келіп еді.
Оқиға 11 тамызда орын алған. Луганскідегі барда Марина және Кристина (аттары өзгертіліп алынған) деген екі бойжеткен Кузбаста дислокация жасаған 74-ші бригаданың аға лейтенанты Павел Яськевичпен және подполковник Ирек Магасумовпен танысады. Қорғаушылар болжамы бойынша, Яськевич қыздарға пистолетін көрсеткен кезінде байқаусызда шүріппені басып қалады, оқ қарама-қарсы отырған Кристинаға тиеді. Қатты қорқып кеткен Павел сосын оқиға орнынан қашып кетеді. Бірақ артынша айыбын мойындап тергеуге өзі келеді.
Алайда тергеудің барысында қылмысты Яськевич емес, Магасумовтың жасағанын анықталады. Ол мас болып отырып, қыздардың бірін қалай атып алғанын байқамаса керек. Сондықтан 16 қыркүйек күні соған айып тағылды.
Бір қызығы, Кузбасс губернаторы Сергей Цивилев осыдан кейін тергеу комитетіне арнайы хат жазып, Магасумовтың «укронацистермен күресте Ресейге орасан зор пайда әкелгенін» алға тарта отырып, оны ақтап жіберуді ұсынған екен. Міне, ресейлік «жындыхананың» бір қыры осындай.
Қандықол диктатор Владимир Путин 2 тамыз күні оккупант Ирек Магасумовқа «Ресей батыры» атағын беріп еді.
Аты-жөніне қарағанда, «батыр» татар миллетінің өкілі сияқты. Путин өзге ұлттардың бәрін өзі қанға бөктірген соғыстың батпағына белшеден тығып жатыр.