Жаңалықтар жаңғырығыҚұқықСпорт

Шишигина кімге сеніп, осыншама сескенбей сес көрсетіп жүр?

Әлеуметтік желіде Қазақстан Қорғаныс министрлігіне қарасты Орталық спорт клубы спорт комитетіне биылғы сәуір айында ғана басшы болып тағайындалған Ольга Шишигинаның ұжымда этникалық бөлінушілік сипатында басқарып, ұлт аралық наразылыққа от беріп отырғаны туралы ақпар тарады. Біз бүгін соның бірін орысшадан қазақшаға аударылған нұсқасында оқырман талқысына ұсынып отырмыз. Сонымен бірге, бұл өте шетін мәселеге енді тиісті құзырлы органдар – Қорғаныс министрлігінен бастап, құқық қорғау саласына дейін түгел назар аударатын шығар деген ойдамыз.

Хат мазмұны мынадай:

Сізге ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының спорт комитеті ұжымының атынан жүгініп отырмын. Мен осы ұйымда әскери қызметкер болып істедім. Ол кезде ұжым тату, орта жағымды болатын. Бірақ, ұйымның бүгінгі күйі мені алаңдатып отыр. Шишигина Ольга басшылыққа келгелі ұжымның жағдайы нашарлады. Бұл менің бұрынғы офицерлерім мен сержанттарыма жағымсыз әсер етуде. Ол келген соң, мен жұмыстан шықтым, дәлірек айтқанда шығарып жіберді. Ол кезде мен азаматтық қызметкер едім, барлық шақыру құжаттары дайын болғанына қарамастан, олар мені шақырудан бас тартты.

Ол тағайындалғаннан кейін ұжымда тек славян ұлтынан тұратын элита құрылды. Этникалық тәкаппарлық өсті. Әскерилерді Жарғының не екенін білмейтін азаматтық қызметкерлер басқара бастады. Ұлттық әскери қызметшілерге, сарбаздар мен сержанттарға, офицерлерге, полковниктерге және подполковниктерге деген көзқарас өте күрт өзгерді.

Мен этносаралық қақтығыстарға қарсымын, бірақ спорт комитетінде болып жатқан оқиғалар этникалық тәртіпті бұзып жатыр. Бұл мені қатты алаңдатады.

Мысалы, Ольга Шишигина тағайындалған сәттен бастап Азарова Татьяна бас жаттықтырушы лауазымына азаматтық қызметке қабылданды. Содан бастап Ольга Шишигинаның кеңсесінен шықпайтын болды. Оның Қарулы Күштерде тәжірибесі жоқ, соған қарамастан, спорт комитетінің штаттық құрылымын әзірлейді, оның қызметіне жатпайтын жұмысқа: кадрлық, қаржылық, ақылы қызметтер, сатып алу, материалдық-техникалық қамтамасыз ету, командирдің саяси-ағарту және тәрбие жұмысына араласады. Барлық іссапарлар сонымен келісілетін болды.

Ольга Шишигинаның бейресми бірінші орынбасары болып алған ол, спорт комитетінде болып жатқан барлық іске әсерін тигізіп отыр. Оның үстіне, славян ұлтына жатпайтын әскери қызметшілерге дөрекі сөйлеп, төмендетеді. Бұл – шовинизмнің айқын белгілері. Штаб бастығының бірінші орынбасары оның адъютанты сияқты еріп жүреді. Шишигина келгеннен кейін жұмысқа тек славян ұлтынан шыққан қызметкерлер мен әскери қызметшілер қабылданды. Іштегі негізгі лауазымдарға да ұлттық өзгешелігі бойынша тағайындалады.

Толық жұмыс күніне қабылданған көптеген қызметкерлер жұмыста отырмайды. Олардың басқа жерде негізгі қызметтері бар. Бұл – Еңбек кодексіне қайшы әрекет. Мысалы, Т.Азарова ханым, П. Степаненко т.б. басқа жерде негізгі жұмыстары бар. Бірақ мұндағы жұмыс кестесі бойынша олар сегізге дейін жұмыста отыруы керек.

Орталық спорт клубының жаңа штаттық құрылымын жоспарлау әр түрлі бағыттар бойынша төрағаның орынбасарларымен және бөлім бастықтарымен талқыланған жоқ.

Алдын ала 50-ге жуық «керек емес» адамның тізімі жасалды, негізінен жергілікті ұлттың офицерлері мен сержанттары (қазақтар) жұмыссыз қалмақ. Олар отырыстарына орынбасарлар мен бөлім бастықтарын қатыстырмайды. Бокс, дзюдо, самбо, қоян-қолтық жекпе-жек, күрес және т.б. спорт түрлерінен жоғары жетістіктерге жеткен спортшылар қысқартуға ұшырап жатыр. Мұндай спорт түрлерінен нәтиже көрсететін негізінен өзіміздің жергілікті жігіттер екенін білесіздер.

Кейбірлерінің келісімшартын ұзартудан бас тартып, беттері бүлк етпестен жұмыстан шығаратынын айтып жатыр. Мысалы, Сора Рахмонова (Шавхат Рахмоновтың туған бауыры) қоян-қолтық ұрыстан екі дүркін әлем чемпионы атанғын, қазіргі күні ММА Бірінші лигасының палуаны. Иә, ол орыс тілінде нашар сөйлейтін шығар, бірақ спорттық көрсеткіштері керемет.

Мұндай атақты спортшылар аз емес. Бокстан еңбек сіңірген спорт шеберлері Біржан Жақыпов, Қайрат Ералиев, дзюдошы ағайынды Қырғызбаевтар, қоян-қолтық жекпе-жектен әлем чемпионы Тұрсын Аян және т.б. басқа да болашағынан үміт күттіретін жас спортшыларға қысқарту қаупі төніп тұр.

Бірақ мансап жолын аяқтаған спортшылар Власов Денис, Власова Мария, Девятериков Артем және т.б. жоғары нәтижелерге қол жеткізбесе де бірнеше ай бойы оқу-жаттығу жиындарына қатысып жүреді. Сондай-ақ олардың лауазымын көтеру жоспарлануда.

Ұжымдағы жағдай әбден шиеленіскен. Әскери қызметшілер жұмыс орнынан айырылмау үшін наразылықтарын көрсетпей отыр. Ольга Шишигинаның Олимпиада чемпионы ретіндегі беделі мен министрмен жақсы қарым-қатынасын көріп отырған әскери қызметшілер онымен сөзге келгісі келмейді.

Ол министрмен жақсы қарым-қатынасын пайдаланып, әскери қызметшілерді штаттық іс-шара бойынша жұмыстан шығарып жіберетінін айтып, ашықтан-ашық қорқытады.

Жақсы спортшы «білікті ұйымдастырушы» дегенді білдірмейді. Оның спорт комитетіндегі басшы ретіндегі барлық қызметі тек ақылы қызметті жүзеге асыруға бағытталған. Бұл тіпті Орталық спорт клубының негізгі міндетіне жатпайды. Жарайды, жұмысты дұрыс түсінбеу деген нәрсе бар, бірақ ол неге ұжымда ұлтаралық араздық отын тұтатып отыр?

Армияның орталық спорт клубы, ең біріншіден, әскери мекеме. Ұжымдағы қатынастар Жарғыға сәйкес қатаң түрде қалыптасуы керек.

Мен бұрынғы әскери қызметші ретінде спорт комитетінде болып жатқан бей берекетсіздік туралы айтуды өз парызым деп санаймын. Орыс тілінде жазған себебім, бәріне түсінікті болсын дедім. Мен ұлтшыл емеспін, бірақ заңсыздыққа көз жұма алмаймын.

Мен ұлтшыл емеспін, бірақ болып жатқан мына шаруа менің намысыма қатты тиеді. Мен өз ұлтымды, өз тілімді сыйлаймын және сыйлатамын. Бұндай былыққа жол бермеймін. Шыдамның да шегі бар. Егер ол осылай жалғаса берсе, үлкен наразылықтар мен тәртіпсіздіктерге әкелуі мүмкін. Құрам жарылуға шақ қалып отыр.

Жақында ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзінде «этникалық тәкаппарлықтың, кемсітушіліктің және этносаралық қақтығыстың кез келген көріністерін ешкімге қарамай қатаң түрде жолын жабу керек» екенін атап өтті.

Осыған байланысты ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубы ұжымы Президентке және Бас прокуратураға үндеу жолдады. Сіздерден спорт комитетіндегі шовинизм, ұлтына қарай қудалауға ұшырату салдарынан ұлттық қақтығыстың алдын-алуды сұрап, үндеуімізді жариялауды сұраймыз.

ҚР ҚМ Армияның орталық спорт клубы ұжымы атынан көмек сұраймын.

Құрметпен, Фархат ТАПАЛОВ.

 

Әлеуметтік желіде бұл хатқа орай мынадай пікір де жарияланды. Мұнда да айтарлықтай рационалды дәнек бар деп есептейміз.

Для развития казахстанского спорта она не сделала ничего. А что касается золотой медали, ей просто повезло, как сказала бы Рымбаева. После скандала с допингом я не верю в ее талант и способности.

Принесла золотую медаль Казахстану, дали ей 250 тыс долларов, квартиру, машину и пусть бы тренировала новых чемпионов, зачем ее в депутаты назначать да ещё и на два срока. Она же необразованная вообще, тем более юридически неграмотна. Надо прекращать эту традицию: артистов, спортсменов в депутаты, они даже на школьные или университетские занятия толком не ходили из-за соревнований, из-за этого необразованные, имея диплом. Как его получают спортсмены вы все знаете прекрасно.

И я теперь понимаю, почему у нас не развит детский спорт, нет бесплатных секций для детей, не отбирают способных и талантливых, а тратят деньги на легионеров. Ибо в парламенте сидели такие как Шишигина, которые два слова не могут связать по-русски, на своём родном языке, как будто вышла из деревенской избы: «людь, а людь», как сказала бы героиня Гурченко в сердцах: деревня!

Понятно, что не все спортсмены прирожденные ораторы. Но как можно быть всю сознательную жизнь в спорте и говорит «тренерА»? Аж слух резала все интервью ее речь, а ее некомпетентность просто убивала.

И вы знаете, в вопросах ведущих больше патриотизма и озабоченности проблемами развития казахстанского спорта, чем у этой дамы 8 лет просидевшей в депутатском кресле и не сделавшей ничего для нашего спорта и его будущего.

Гүлбану Әбенова

 

Facebook

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button