Чехия РФ дипломаттарына «батқан кемеден кетуді» ұсынды
ПРАГА. 3 сәуір. Чехия Сыртқы істер министрлігі Ресей елшілеріне ашық хат арнап, онда Украинадағы соғысқа қолдау білдіруді тоқтатуға шақырды. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Құжат ведомоствоның Твиттерінде жарияланды. Оның ақиқи екенін Чехия Сыртқы істер министрлігі растап берді.
Ағылшын және орыс тілдерінде жазылған хат Ресейдің Чехиядағы елшілігі ғана емес, сонымен бірге ресейлік дипломатияның барлық қызметкерлеріне арналған. Чехтар оларға өз әріптестері ретінде үндеу тастайды.
«Біз саяси элитаның ұлттық мүдделерге сай қызмет етіп жатпағанын сезіне алатын хәлдеміз, – делінген хатта. – Бәлки, сіздердің де көпшілігіңіз мемлекет басшылығының Украидағы соғысқа байланысты сіздерді алдап соққанын біліп отырған шығарсыздар деген ойдамыз».
Чех дипломаттары осылай дей келіп, Ресейдің Украинада бастаған ұрыс қимылдары салдарынан жергілікті халықтың тартып жатқан зардаптарын тізіп береді. Бейбіт халық оққа ұшып жатыр, қалалар екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегідей қирап қалды.
«Әбден жемқорлықпен былыққан» Ресей билігі мұның бәрін сол қылмыстарын жабу үшін жасап жатыр. Хат авторлары сондықтан дипломаттарға «батып бара жатқан кеме» – Ресейден кетіп қалуды ұсынады. Олар «зұлымдықтың ұрығын себуші» шеңберді тастап шығуға кеңес береді.
Бұған дейін Еуроодақтағы 4 елден 40-тан астам РФ елшісі шығарылды. Польша бұдан бөлек 45 елшіні елден қуып жатыр.
Суретте: Чехия жастары Прагада Ресейдің Украинаға агрессиясына қарсылық білдіруде.