Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Путин Украинамен «мәмілеге» келу үшін Батысты араға салып жатыр

МӘСКЕУ. 31 қазан. Ресей президенті Владимир Путин Украинамен «мәміле» жасасу үшін араға Батыс елдерін салуға кірісіп кетті. Бұл туралы Ресей билігіне жақын «Генерал СВР» телеграм-каналы хабарлады.

«Ресей президенті Владимир Путин ЧВК «Вагнер» басшысы Евгений Пригожинмен жеке отырып әңгімелескеннен кейін генерал-полковник Александр Лапинді Ресей әскерлерінің Украинамен соғыстағы «Орталық» тобы командованиесіне қолбасшылық лауазымынан уақытша шеттету жөнінде шешім қабылдады», – делінген телеграм-канал хабарламасында.

Паблик Пригожиннің Кремль қожайынымен сөйлесу барысында оған көптеген айғақтар келтіре отырып, Лапинді «орыс кемесінің артынан жіберу» жөнінде жалынып тұрып өтініш білдіргенін атап өтті.

Ресурс сонымен қатар көптеген ақпараттық мәнбелерге сүйене келіп, Пригожиннің соңғы кездері Путинмен тіпті тең деңгейде сөйлескісі келетінін көрсетіп жүргеніне назар аударады.

«Тұрақты армияға қарағанда ұрыс қимылдарын табыстырақ жүргізіп, майдандағы сарбаздары санын 30 мың адамнан асырып жіберген ЧВК жетекшісінің позициясы қазір «арнайы операцияның» басталған кездегіден көп өзгерді, Путин ЧВК-ның майданға аса қажеттілігін, сондай-ақ оның өз құрамын кеңейтуге мүмкіндігі бар екенін мойындап қойды. Сондықтан президент Лапинді орнына алуға моральдық жағынан дайын болды, бірақ әбден келесіне келіп тұрса да, Пригожиннің «қызыл сызықтан» асып кетуіне жол бермеді. Путин бұл проблеманы реттеуге уәде берді, сосын Пригожин мен оның серіктестерінің көңілінен шығу үшін Лапинді «уақытша» шеттетіп, мәселені өзінше шешті. Осы арқылы өзіне кейін маневр жасау мүмкіндігін де қалдырды», – деп жазды паблик.

Телеграм-канал сондай-ақ қазіргі кезде Ресей билігінің АҚШ басшылығымен және Украинамен одақтас тағы бірнеше мемлекет өкілдерімен делдалмен арқылы келіссөз жүргізуге кірісіп кетті. Қазіргі мәурітте Путин Батысқа «мәміле» ретінде Ресей әскерлерін ЛДХР-дың 2022 жылғы 23 ақпандағы шекарасы аумағында қалдыру және аннексияланған Қырымға құрлық арқылы баратын дәліз жасау жөнінде ұсыныс білдірді. Ресей басшысы осының негізінде РФ-ның кең ауқымды шабуыл нәтижесінде басып алған Херсон облысындағы жерлерін, Луганск және Донецк облыстарына қарасты аумақтың кейін қосылған бөліктерін қайтарып беруге дайын екенін мәлімдеді.

«Генерал СВР» бұдан әрі: «Украин тарапының делдалдар арқылы «осыншалықты жомарт» ұсыныспен алатын жерлеріне қанағаттанбайтынын білдіргеніне қарамастан, Путин сонда да өзінің позициясын толық таңып шығара алатынына және ақыр соңында ұсыныстың осы қалпында қабылданатынына сенімді болып көрінді. Алайда, соғысушы жақтардың ешқандай келісімдерінсіз-ақ жақын күндерде Ресей әскерлерінің кем дегенде Луганск облысының бір бөлігінен айырылып қалатыны, сол кезде Лапиннің майданда болуы керектігі ешбір күмән туғызбайтындай жағдайға келеді», – деп жазды.

Паблик атап көрсеткендей, Путинмен әңгімелесіп шыққаннан кейін Пригожин енді «РФ-ны президентпен бірге басқаратын боламыз» деген тұжырымға келіпті. Ал Пригожиннің Кремль басшысына осыншалықты ықпалы бола бастағаны Ресей күштік құрылымдарын ешбір қанағаттандырмайтыны да аңғарылып қалды. Алайда, ергежейлі диктаторды олардың қашан «алып тастай» алатыны белгісіз. Бәлкім, ондай қолайлы кезең өтіп те кеткен шығар. Паблик осындай екіұдай ой қалдырды.

Ал Путиннің Украинаға жоғарыдағыдай ұсыныстың жаңа соғысқа тыңғылықты дайындалу үшін тыныс ала тұру мақсатында ғана білдіріліп отырғанын бүкіл әлем пайымдап, біліп отыр. Былайынша, бұл бар болғаны «сасық қулық» болып шыққан.

 

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button