Сеулдегі мереке кезінде аяқ астында қалған 151 адам қаза тапты
СЕУЛ. 30 қазан. Корея Республикасы байтағында Хэллоуинді мерекелеу кезіндегі жиналған топтың табаны астында қалған 151 адамның қаза тапқаны белгілі болды. Бұл туралы Reuters хабарлады.
Оқиға кеше кешке орын алды.
Йонсан өрт станциясының басшысы Чхве Сун Бом құрбандыққа ұшырағандардың дені 20 жасқа дейінгілер екенін атап өтті. Ол 151 адамның қаза тапқанын, одардың 19-ы шетел азаматтары екенін айтты. Бұлардың арасында Қытай, Иран, Өзбекстан және Норвегия елдерінен келгендер бар екен. Соңынан қазақстандық бір студент қыздың да құрбан болғандар арасында бар екені анықталды.
Тағы 82 адам жарақат алған, олардың 19-ның жағдайлары ауыр.
Корея президенті Юн Сук Йол жексенбіні аза күні деп жариялап, жараланып қалғандардың тез сауығып кетулеріне тілектестік білдірді.
Хэллоуинді мерекелеу Кореяда COVID-19 сырқатына байланысты шектеудің әлсіреген соңғы айларындағы бірінші үлкен мейрам болды.
Сол күні 100 мыңға жуық адам әйгілі Итхэвон ауданындағы көшелерге жиналды. Сеулдегі басты мереке өтетін «Гамильтон» отелі жанындағы тар тұйықтың алдында болған қатты кептелістің ақыры адамдардың бірін бірі жан-жақтан қысып, құлап қалғандардың үстерінен басып өтулеріне апарып соқтырды.
Қазақстан Сыртқы Сеул қаласы полициясының мәліметінше, Итхэвон ауданында орын алған қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқандар арасында 1996 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматы, Ақтөбе облысының тумасы бар. Ол Корея Республикасы университеттерінің бірінде оқып жатқан. Қазақстандық дипломаттар қаза тапқан қыздың туған-туыстарымен байланыста, тіркеу құжаттарын дайындап, мәйітті Қазақстанға жіберу мәселесімен айналысып жатыр», – делінген жексенбі күнгі хабарламада.