Жаңалықтар жаңғырығыЖаһан

Украина Қарулы күштері 1000-ға жуық оккупантты оққа байлады

КИЕВ. 30 қазан. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері 29 қазан күні 950 ресейлік басқыншының жандарын жаһаннамға жіберді. Бұл туралы «Украинская правда» хабарлады.

Осылайша 24 ақпаннан бері украин жерінде бақилыққа аттанған оккупанттар саны 71 200 адамға жетті.

Бас штабтың мәліметінше, тәулік ішінде тағы 13 танк, 16 артиллерия, 3 РСЗО, 52 жауынгерлік бронды машина, 3 ПВО қаруы, 1 ұшақ, 6 БПЛА, 1 қанатты зымыран, 13 автомобиль, 2 арнайы техника, 13 автоцистерна жойылды.

Дұшпан Донецк және Лиман бағытында көбірек шығынға ұшырады.

Қазіргі күндері Херсон жерінде кескілескен шайқас жүріп жатыр. РФ әскерлері Днепрдің сол жағалауына қарай ығысты.

УНИАН ресейлік мародерлердің өздері ұрлаған заттарын қапқа салып, арқалап қашып бара жатқандарын жариялады. Видеода РФ армиясы формасын киген 6 оккупанттың арқаларына артып алған қаптарымен өз позицияларына кетіп бара жатқаны көрінеді.

Снимок был сделан во время разведки местности / facebook.com/usofcom

 

Тағы көрсету

Пікір қалдыру

Ұқсас мақалалар

Back to top button