РФ армиясының солдаттары майдан шебінен қашып кетіп жатыр
КИЕВ. 19 қазан. Луганск облысында Ресей армиясы сапына мобилизациямен келген солдаттан жаппай тарақан сияқтанып қашып жатыр. Бұл туралы InformNapalm хабарлады.
Агенттік Ресей армиясы Луганск жеріне, майданның алдыңғы шебіне әкеп тастаған мобилизация жауынгерлері арасында жаппай тәртіпсіздіктер орын алып жатқанын жазды.
Украинаның Луганск облысы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Гайдай өңірдегі қазіргі ахуалдың РФ әскерлеріне де, Украина Қарулы күштері сарбаздарына да оңай тиіп жатпағанын алға тартты. «Жағдай екі жақ үшін де күрделі, қиын», – деді ол.
InformNapalm сондай-ақ мобилизация бойынша әскер қатарына алынып, Луганск жеріне әкелінгендер арасында бүлік басталып жатқанын да баяндады. Атап айтқанда, 144-ші моторлы бригаданың жауынгерлеріне майдан даласына келген бойларында қару таратылып берілген. Бірақ жаңадан келген 32 солдат соғысудан үзілді-кесілді бас тартқан, олар сонымен бірге қаруларын қайтарып беруге де келіспеген.
Сөйтіп, 32 сарбаз әскери бөлімнен кетіп қалған. Ал қаруды өздерінің соңдарынан қуғыншы келсе, қарсы қолданатын болып шешкен.
Қазір қашқын солдаттардың қайда жүргендерін ешкім білмейді.